Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны көбейді

0

Індетті жұқтырғандардың саны 1261 адамға жетті. 14 адам қайтыс болып, 203-і жазылып, ауруханадан шықты

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 29 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.  

«Атырау облысында 1, Шымкент қаласынды 1, Батыс Қазақстан облысында 6, Маңғыстау облысында 1, Қызылорда облысында 3, Қарағанды облысында 2, Нұр-Сұлтан қаласында 9, Алматы қаласында 6 науқас тіркелді», — делінген хабарламада.

Осылайша Қазақстанда індетті жұқтырғандардың саны 1261 адамға жетті:   

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 291,
  • Алматы қаласы – 364,
  • Шымкент қаласы – 40,
  • Ақмола облысы – 79,
  • Ақтөбе облысы – 12,
  • Алматы облысы – 24,
  • Атырау облысы – 70,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8,
  • Жамбыл облысы – 49,
  • Батыс Қазақстан облысы – 18,
  • Қарағанды облысы – 80,
  • Қостанай облысы – 5,
  • Қызылорда облысы – 124,
  • Маңғыстау облысы – 11,
  • Павлодар облысы – 11,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 26,
  • Түркістан облысы – 49.

Соңғы мәлімет бойынша індеттен 14 адам қайтыс болып, 203-і жазылып шықты.  



sputniknews.kz