Коронавирус анықталған Қаскелең тұрғынының қайдан келгені белгілі болды – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысының Қаскелең қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырған алғашқы науқас 1986 жылы туған ер адам болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«17 наурызда ол Стамбул – Бішкек рейсімен ұшып келді,  18 наурызда Бішкектен Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласына автокөлікпен шыққан. Қазіргі уақытта ол  стационарда карантинде жатыр, денсаулық жағдайы қанағаттанарлық», – деді  ДСМ-нің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты жұқтырудың 53 жағдайы расталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 28 адам, Алматыда – 22 адам, Қарағандыда – екі науқас, Алматы облысында – бір оқиға.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 28 науқастың ішінде төрт айлық сәби бар екені хабарланды.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз