Инклюзивті білім жүйесін жетілдірудің жолдарын білім министрі айтты – Қазақстан жаңалықтары

0

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда ерекше қажеттігі бар балалар үшін инклюзивті білім беру жүйесінің жетілдіруі туралы түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сіз мұғалімдерді қинап, оқушыларды білімінен айырдыңыз: Білім министріне сын айтылды

«Ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беру, инклюзивті білім беру саласының маңызы өте зор. Бұған дейін инклюзив дегеніміз мүмкіндігі шектеулі балаларды кедергісіз келешекке жетелеу пен пандустарды орнатумен шектеліп келген еді. Алайда пандустардың мәселесі ретке келтірген кезде ең басты мәселе – білім мазмұнында екенін түсіндік. Ерекше қажеттігі бар балаларға білім беру әдістемесі, мұндай балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімдердің даярлығы, бағалау жүйесі керектігін түсіндік. Сол себепті біз қазір қоғамдық ұйымдармен бірге мазмұндық жағынан инклюзивті дамыту ісін талқылап, пысықтап жатырмыз», – деді Асхат Аймағамбетов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Министрдің түсіндіруінше көмек беру үшін мемлекеттік тапсырыс бөлінетінін жеткізді.

«Заң жобасы парламентте қаралуда. Депутаттар оған қолдау білдірер деген үміттеміз», – деді ол.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз