Мұнай саласында үш жарым мың адам жұмыссыз қалды – министр

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныстың төмендеуі қызметкерлердің жұмыссыз қалуына себеп болып отыр

АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Мұнай компанияларында 3,5 мың адам жұмыссыз қалды. Бұл жайында халыққа есеп беру барысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қызметкерлердің жұмыссыз қалуына мұнайға деген сұраныстың төмендегені әсер етіп отыр.

«Біздегі мәлімет бойынша, мұнай сервисі саласында үш жарым мыңға жуық адам жұмыссыз қалды. Мемлекет қызметкерлер санының одан әрі қысқармауы үшін бар күш-жігерін жұмсайды», – деді министр.

Ноғаев маусымның соңына дейін ТШО мен басқа да сервистік компания қызметкерлерінен жалақы төленетінін айтты.

«Сонымен қатар мемлекет жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау және салық төлеуге жеңілдік беру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Мұнай сервистік компаниялар осы шараларды пайдалана алады», – деді министр.

Оқи отырыңыз: Вирус салдарынан қанша адамның жұмыссыз қалатыны айтылды

Айта кетейік, Қазақстан мұнай өндірісін өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ке азайтуды жоспарлап отыр. Демек, 2020 жылы елімізде 86 миллион тонна мұнай өндіріледі.



sputniknews.kz