«Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады»: Назарбаев тағы қандай уәде берді?

0

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес отырысында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы газдандыру шаралары жайында сұрап: «Біз алғаш рет оңтүстіктен солтүстікке үлкен газ құбырын тарттық. Ондайды ешқашан жасаған емеспіз. Енді, осыны халықтың игілігіне жарату қажет, халық сезінуі керек. Соның арқасында Нұр-Сұлтанның экологиясы жақсарады, қалалар газбен қамтамасыз етіледі. Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады», – деді Назарбаев.

«Алдағы жылу беру маусымында Нұр-Сұлтан қаласы газды қабылдайды. Бүгінде «Сарыарқа» газ құбыры пайдалануға берілді. Құбырдың ішінде қысым бар. Қазіргі кезде ЖЭС-2-ні газға ауыстыру жұмыстары атқарылып жатыр», – деді Мамин.

Назарбаев пен үкіметбасының берген уәдесінің орындалуын күтеміз және бақылайтын боламыз.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз