Карантин тәртібіне қатысты Нұр-Сұлтан полициясы мәлімдеме жасады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Полиция қызметкерлері елорда тұрғындарына, әсіресе халық көп жиналатын жерлерде санитарлық шараларды қатаң сақтау қажеттігін ескертеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Елорда тұрғындары санитарлық нормаларды бұзған жағдайда қатаң карантиндік режимге оралуға мәжбүр боламыз, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

«Біз азаматтардан бетперде киіп, қашықтықты сақтап, антисептиктерді жиі қолдануды сұраймыз. Себебі сіз вирустық инфекцияны тасымалдаушы болуыңыз мүмкін және вирус жұқтырғаныңызды білмеуіңіз де мүмкін. Егер адам өзінің ауыру екенін біле тұрып бетперде тақпай, адамдарға жұқтыруды жалғастырса, оған қарсы қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Санитарлық нормалар бұзылған жағдайда қала қатаң карантиндік режимге оралуға мәжбүр болады», – делінген хабарламада.

Полиция департаменті қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласында халық көп жиналатын жерлерде іске асырылып жатқан санитарлық шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Ол жерлерде дезинфекция жұмыстары жалғасуда.

Оқи отырыңыз: Тоқаев дезинфекция жасап жүрген жігітті таныды — видео

«Карантиннің жеңілдетілуіне байланысты азаматтар жаппай қоғамдық орындарға, саябақтар мен демалыс алаңдарына барады. Сондықтан да бұл жерлерде мұқият дезинфекция жұмыстары жүргізілуде», – деп түсіндірді полиция.

Айта кетейік, 6 маусым күні Тәуелсіздік сарайының маңы мен «Қазақ елі» алаңында жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.



sputniknews.kz