Екібастұзда жұмысшы биіктіктен құлап кетіп, омыртқасын сындырды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қырық жастағы ер адам 6-7 метр биіктіктен құлады, еңбек инспекторлары оқиғаның мән-жайын тексеруді бастады

ПАВЛОДАР, 8 маусым – Sputnik. Екібастұзда салынып жатқан нысанда жұмысшы биіктіктен құлап кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.

Қапановтың мәліметінше, 40 жастағы ағаш ұстасы-бетоншы стационарлық баспалдақпен көтеріліп, шамамен 6-7 метр биіктіктен құлаған.

«1980 жылы туған ер адамға мойын омыртқасы жарақаттанған және омыртқа жотасы қысылып сынған деген алдын ала диагноз қойылды», – деді басқарма басшысы.  

Қазіргі уақытта еңбек инспекторлары жазатайым оқиғаның мән-жайын тексеруге кірісті, деп хабарлады ведомство.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында ерлі-зайыпты балконмен бірге құлап кетті – видео 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз