Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме туралы шешім шығарды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылдық 9,50% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

теңге

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

 Мұнайды тұтыну Қытай экономикасының қалпына келу белгілері, кейбір Еуропа елдері мен АҚШ-тағы карантин шараларының жеңілдеуі аясында біртіндеп іске қосыла бастады. ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін қысқарту мәмілесінің өлшемдерін ұзарту туралы алдын ала уағдаластыққа қолжеткізді. Мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 млн баррельге төмендету 2020 жылғы шілденің соңына дейін жалғасады. 

Ұлттық банк өкілдері Қазақстандығы инфляция деңгейін жариялады. 

«Жылдық инфляция 2020-2021 жылдарға белгіленген нысаналы дәлізден 4-6% жоғары болып қалыптасады. 2020 жылғы мамырда жылдық инфляция 6,7% (2020 жылғы сәуірде 6,8%) болды. Инфляциялық процестер серпініне 2016 жылғы қазаннан бастап ең жоғары мәнге қол жеткізіп, мамырда жылдық көрсетуде 10,7%-ға қымбаттаған азық-түлік тауарларына бағаның өсуі негізгі үлес қосуын жалғастыруда. Азық-түлік емес инфляция серпіні қалыпты күйін сақтап, жылдық өсім 5,3% болды. Ақылы қызметтерге бағаның өсуі реттелетін коммуналдық қызметтер тарапынан теріс салымның нәтижесінде 3,0%-ға дейін баяулады», — делінген ресми хабарламада. 

Бұған қоса банк өкілдері 2020 жылдың соңына қарай Қазақстандағы инфляция көрсеткішін болжады.

«Ұлттық банк ағымдағы жылдың соңына дейін инфляция бойынша болжамды қайта қарады. Қазақстан Республикасының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу шеңберінде мұнай бағасының сценарийін барреліне 20-25 АҚШ долларында болжап, үкімет дағдарысқа қарсы жоспардың мақсаттары үшін базалық ретінде қараған инфляция ағымдағы жылдың соңына қарай 9-11% деңгейінде бағаланды. Мұнай нарығы бойынша нақтыланған бағалауларға және 2020 жылы орта есеппен бір баррель үшін 35-40 доллар деңгейінде мұнай құнын болжайтын Ұлттық банктің базалық сценарийіне сәйкес жылдық инфляция 2020 жылдың қорытындысы бойынша 8,0-8,5% деңгейінде болжануда», — делінген баспасөз хабарламасында. 

 ҰЭМ СК деректері бойынша, 2020 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме және бөлшек сауда көлемінің сәуірде 34,8%-ға, көлік қызметтерінің – 36,6%-ға төмендеуі нәтижесінде ІЖӨ жылдық көрсетуде 0,2%-ға қысқарды. 

Қазақстан экономикасының біршама жандануына 2020 жылғы мамырда іскерлік белсенділік индексінің жедел бағалау бойынша 44,0 тармаққа дейін (2020 жылғы сәуірде – 37,2) артқанын көрсетеді.

«2020 жылғы 2-тоқсанда инфляцияның артуын тежей отырып, жиынтық сұраныс төмен күйінде қалып отыр. ҰЭМ СК бағалау деректері бойынша 2020 жылғы сәуірде жұмыс іздеуде жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірген адамдардың саны бір мезгілде ұлғайған кезде жалақының өсу қарқынының күрт төмендеуі байқалды. Экономикадағы инвестициялық белсенділік бәсеңдеуде. 2020 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға инвестициялардың өсуі жылдық көрсетуде 0,9%-ды құрады», — деп қосты Ұлттық банк өкілдері.

Бұған қоса Қазақстанда ІЖӨ нақты мәнінде 1,8%-ға қысқарыпты. 

2020 жылы Қазақстанның сауда әріптес елдерінің өсу перспективалары бойынша бағалар теріс болып қалуда. Consensus Economics болжамдарына сәйкес, 2020 жылы ЕО экономикасы 7,7%-ға, Ресей 4,1%-ға қысқарады, Қытай экономикасы 1,4%-ға дейін баяулайды. 2021 жылы барлық әріптес елдерде көрсеткіштердің күрт қалпына келуі күтілуде, атап айтқанда, ЕО экономикасы 6,2%-ға, Ресей экономикасы 3,8%-ға, Қытай экономикасы 8,1%-ға өседі.

Мұнай нарығындағы ахуал біртіндеп жақсарып келеді, алайда баға деңгейі біршама төмен, ал байқалған серпін әлі де тұрақсыз. Brent маркалы мұнайдың орташа айлық бағасы 2020 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша бір айда 20,7%-ға өскенін көрсетіп, бір баррель үшін 32,4 АҚШ долларын құраған.

 

 

stan.kz