Димаш пен Данэлия Төлешова әлемдегі үздіктер шоуына қатысты

0

The World’s Best жаңа шоуына әлемдегі ең дарынды адамдар жиналған

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Танымал қазақстандық әртістер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова АҚШ-та дарындылар шоуының қатысушысы атанды.

Димаш пен Данэлия The World’s Best («Әлемдегі үздіктер») тұсаукесер шоуында ән шырқайды. Қазақстандық жұлдыздарды CBS танымал америкалық телеарнасындағы промо-роликтен көрсетті.

Бағдарламаның жүргізушісі – танымал әртіс, комик Джеймс Корден. The World’s Best қатысушылары әлемнің ең дарынды адамы мәртебесі үшін бақ сынасты. Олар жұлдызды әділ қазыларды таңғалдыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Әділ қазылар қатарында: америкалық актриса Дрю Бэрримор, жүргізуші РуПол Андре Чарльз және әнші Фейт Хилл. Қатысушылар әртүрлі салалардағы 50 сарапшыдан тұратын «әлем қабырғасын» бұзуға тиіс болатын.

Жаңа шоудың алғашқы бағдарламасы 2019 жылдың 3 ақпанында көрсетіледі.

Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова – Қазақстанның жас әрі дарынды жарық жұлдыздары.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз