Home Жаңалықтар Ірі инвестормен кездесті | «Айқын» газеті

Ірі инвестормен кездесті | «Айқын» газеті

0
83

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Genertec холдингінің басшысы Лу Йиминді қабылдады. Жоғарғы палата басшысы China General Technology Holding (Genertec) холдингінің басқарма төрағасын Қазақстандағы автомобиль жасау саласын жаңғыртуды көздейтін инвестициялық ірі келісімге қол қойылуымен құттықтады.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, бұл келісім сауда және инвестиция саласындағы үлкен оқиға ретінде халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында зор серпіліс туғызып отыр.
Лу Йимин Genertec холдингінің Қа­зақстанда қол жеткізген келісімдері мен жаңа жобаларды жүзеге асыру жөнінде­­гі жоспарлары туралы біздің тарапты хабардар етті.
Сенат төрағасы әлемдік экономикада­ғы ҚХР-дың орны Қазақстанда белгілі екені және Қытаймен ынтымақтастық басым бағыт ретінде саналатынын атап өтті. Қа­сым-Жомарт Тоқаев Қытай төр­ағасы Си Цзиньпиннің бес жыл бұрын Астанада жария еткен Жібек жолы жаңа страте­гия­сын іске асыруда бірлескен іс-қимылдың маңызды екенін айтты.
Сенат басшысы саяси, сауда-эко­но­микалық және инвестициялық ынты­мақ­тастықты ынталандыруда екі мемлекеттің заң шығару органдарының рөлі зор еке­ніне назар аудартты. Халық өкілдерінің бүкілқытай жиналысы тұрақты коми­те­тінің төрағасы Ли Чжаньшудың Қазақ­станға сапары парламентаралық үнқаты­суларға жаңа серпін бере алады.

Дереккөз: Айқын