Біртанов вакцинациялау жайлы шындықты айтты – Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кезекті рет вакцинация туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вакцина

Бұл туралы министр Facebook-тегі парақшасында жазған. 

«Адамды вакцинациялау – бұл дербес профилактикалық медициналық қызмет, ол қолданыстағы Кодекс пен жаңа Кодекстің жобасы бойынша – кез келген азаматқа осы адамның немесе оның заңды өкілінің (баланың ата-анасының) келісімі бойынша ғана жүргізіледі.

Кез келген адамның (ата-ананың) бас тартуға құқығы бар», – дейді ол.

Министрдің айтуынша, бұл мәжбүрлі шара емес.

«Сонымен бірге, халықты вакцинациялау – халықты инфекциялардың эпидемиясынан қорғаудың жалғыз, ғылыми негізделген және дәлелденген әдісі болып табылады.

Сондықтан ол кез келген мемлекет үшін, кез келген халық үшін міндетті.

Бұл мемлекеттік денсаулық сақтаудың міндетті шарасы болып табылады», – дейді министр.

Айтуынша, егер вакцинациялау міндетті болмаса, ол перзентханалар мен емханалар дәрігерлерінің орындауы үшін де міндетті болмайды. Біздің бұл вакциналарды сатып алуымыз қажет болмайды.

Жылына 4 миллионнан астам бала туған кезде және кейін полиомиелит, туберкулез, сіреспе, қызылша, көкжөтел, гепатит, пневмония және басқа да инфекциялардан мемлекеттің есебінен тегін вакцинацияланбайтын болады.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз