Өртеніп жатқан ғимарат шатырынан ер адам ерекше жағдайда құтқарылды – видео

0
2
Advertisement

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Алматы қаласында мектеп құрылысының шатыры отқа оранып, жұмысшы құрылыс кранының көмегімен құтқарылды

АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Алматыда салынып жатқан мектептің шатыры өртеніп, ер адам ерекше жағдайда құтқарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желілерде адамның өрттен құтқарылған сәті түсірілген видеосы жарияланды. 

«Құрылыс кранын пайдаланып қара түтін мен қызыл жалыннан жұмысшы құтқарылды», – деп жазды автор Instagram желісінде.

Айта кетейік, 3 маусым күні Алматы қаласының Медеу ауданындадағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде салынып жатқан мектеп ғимаратында өрт болған. Өрт құрылыс нысанының шатырын түгел шарпып, газ баллон жарылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда жолаушылар автобусы өртенді – видео

Тілсіз жаумен күреске өртке қарсы қызметтің он шақты техникасы жұмылдырылды. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз