Бекшин Алматыдағы карантин режимін жеңілдету туралы пікір білдірді
Алматыдағы бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин бүгін онлайн-брифинг кезінде мегаполситегі карантиндік шаралар жеңілдей ме деген сауалға жауап берді.
Бекшин айтуынша, осы жылдың 2 тамызына дейін әрекет ететін локдаун аяқталғанға дейін ешқандай жеңілдетулердің болмайтынын айтты. Сондай-ақ, локдаунның нәтижесіне қарап, болашақта қалай әрекет етуге болатындығы анықталады деп атап өтті бас санитарлық дәрігер.