Денсаулық сақтау министрі: Пневмониямен ауырған 234 мыңнан астам адам жалпы статистикаға енгізілмейді

0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Хабар 24» телеарнасының эфирінде коронавирус әсерінен туындаған пневмония бойынша статистиканың қалай жүргізілетінін айтты.

«Біз тест нәтижелері бойынша ресми түрде анықталған коронавирусты көрсетеміз. Сонымен қатар, коронавирусқа ұқсас белгілері бар пневмонияны, оның ішінде өлім-жітімді жеке көрсетеміз», – деп түсіндірді Алексей Цой.

Оның айтуынша, Қазақстанда жыл басынан бері 234 187 адам пневмониямен ауырған, бірақ олардың қаншасы коронавирус әсерінен, ал қаншасы басқа сипатқа ие екенін анықтау мүмкін емес, сондықтан денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 бойынша деректерді пневмония бойынша қолда бар мәліметтермен біріктіргісі келмейді.

«Біз статистиканы 1 тамыздан бастаймыз. Тіркелген жағдай әр күн сайын анықталған мәліметтер бойынша қосылып отырады», – деді ол.

Осы уақытқа дейін ДСМ медицина қызметкерлерін COVID-19 зертханалық түрде расталмасада коронавирустың салдары болатын пневмония белгілері бойынша оқытады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз