Аңыз боксшы Леннокс Льюис GGG мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегін болжады

0
Спорт

Қысқа сілтеме алу

176 0 0

Льюистің пікірінше, бірінші жекпе-жек жақсы, екіншісі өте керемет өткен, ал үшіншісі одан да керемет болмақ

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Леннокс Льюис K.O. Artist Sports сайтына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегін өткізуге қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлады Sports.kz. 

– «Канело» мен GGG екі рет жұдырықтасты, өте тартысты өтті,  үшінші жекпе-жекті көргіңіз келе ме?

– Ия, мен үшінші жекпе-жекті көргім келеді. Бірінші жекпе-жек жақсы, екіншісі өте тамаша өтті, ал үшіншісі одан да керемет болады. Олар бір-бірімен айқасқанда ғажайып боксқа куә боласың. Жанкүйерлер үшін де солай.

– Бұл жекпе-жекте сіз үшін кім фаворит?

– Білесіз бе, «Канело» алғашқы жекпе-жекте мені ренжіткені рас, бірақ екіншісінде таңғалдырды. Үшіншісінде кім жеңсе де маған бәрібір. Үшінші жекпе-жек болатынын білемін және ол ең үздігі болады. Екеуі де бұл жекпе-жекті өткізгісі келеді.