Ағашты көркемдеп өндеуіне арналған пирографикалық құралдардың жинағы

0
331

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану – математика факультеті

Физика – математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы

Ермакбай Айтолқын Оразбекқызы

Ағашты көркемдеп өндеуіне арналған пирографикалық құралдардың жинағы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В012000 Кәсіптік оқыту

Қостанай, 2017ж

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қашықтықтан оқыту факультеті

Физика – математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы

Қорғауға жіберелген ___________2017 ж.

Калаков Б.А___________ қолы
(кафедра меңгерушесі)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Ағашты көркемдеп өндеуіне арналған пирографикалық құралдардың жинағы

5В012000 Кәсіптік оқыту

Орындаған Ермакбай
Айтолқын

Ғылыми жетекші: Жигитов
А.Б., аға оқытушы

Қостанай, 2017ж

Ағашты көркемдеп өндеуіне арналған пирографикалық құралдардың жинағы

ЖОСПАР
Кіріспе
1 Пирографикалық жұмыстарға арналған құралдарды жасау және олардың
теориялық негіздері
1,1 Пирография ағашты көркемдеп өңдеу сала ретінде
1.2 Пирографикалық аспаптарды топтастыру және қазіргі заманғы түрлеріне
шолу жасау.
1,3 Куйдіру жұмысындағы техникалық қауіпсіздік ережелері
2. Ағашты көркемдеп өндеуіне арналған пирографикалық құралдарды
құрастыру және жасау технологиясы.
2.1 Пирограф құралдармен жұмыс атқару негізгі түрлері.
2.2 Пирографи және түс.
2.3 Жандыру арқылы өрнектелген дайындамалар
Қорытынды

Кіріспе
Ағашпен немесе пирографиямен күйдірумен адамдар мың жылдар бойы
айналысып келеді. Күйдірілген өрнекпен әшекейленген алғашқы бұйымдар Перуде
біздің заманымыздан бұрын 700 жылы табылды. Дөңгелектенген ағашты тас
немесе метал құралмен тырнау арқылы ежелгі суретшілер ағаштың сурет салуға
керемет материал екенін және осы ерекшелігін декоративтік мақсатта
пайдалануға болатынын анықтады.
Бұл дипломдық жұмыстың өзектілігі, ағашты көркемдеп өңдеуіне арналған
қазір заманға сай, шағын көлемді, қолдануға ыңғайлы, сапалы пирография
құралданын жасап шығару. Салынатын сурет анық, көркем болып шығу үшін ең
басты мәселеге келер болсақ, пирографика құралын дұрыс құрастыра білуіміз
қажет.
Оқу өңдіріс шеберханада пирографиялық жұмыстар өткізіледі ағашты
көркемдеп өңдеу сабағында. пирографиялы жұмыстар қызықты және көркемді
бірақ шеберханада 1 ғана ескі пирографиялық құрал сондықтан көп
пирографиялы жұмыстарды жасауға үлгіре алмайды сондықтан карама қайшылық
пирография әдісімен айналасуға көп адамдар қызығады құралдары барлығына
жетпейді. Осы мәселені шешу үшің біз дипломдық жұмыс тақырыбың таңдадық
Ағашты көркемдеп өндеуіне арналған пирографикалық құралдардың жинағы
Жұмыс болжамы Жаңа бөлшектерден жасалған пирографикалық жиынтығы
күйдіру арқылы өңдеудің жылдамдықты арттырады.
Жұмыс мақсаты: ағашты көркемдеп өндеуіне арналған пирографикалық
құралдардың жинағын жасау
Міндеттері
әдебиеттерді зерделеп, талдау
– пирографика қол құралдарын жобалау
– дайындамаға арналған құрал-саймандар, әр түрлі профильдер
– түрлі бұйымдарды жасап екі құралды салыстырып тексеру
Зерттеу объектісі: пирографикалық құралдарды жасау және жобалау
процессі.
Зерттеу пәні: Ағашты көркемдеп өндеуіне арналған пирографикалық
құралдардың.
Зерттеу әдістері
– ғылыми әдебиеттерді зерттеу және талдау;
– модельдеу, салыстыру және синтездеу.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен, қорытынды мен қосымшалардан тұрады. Кіріспеде өзектілігі
негізделеді, мұнда тұжырымдалған мақсаты, пәні және зерттеу нысаны
айқындалады. Бірінші тарауда тұжырымдалған зерттеу міндеттері келтірілген
жалпы мәліметтері және құрылғылардың сипаттамасы көрсетіледі. Екінші
тарауда келтірілген талаптарға сай пирографикалық құралды қолмен дайындау
және ағашқа салынатын суреттерді дайындау. Қолмен жасалатын пирографика
құралдарын жобалау және жасау, сипатталған көрініске сай құрылғылар
құрастыру реті көрсетіледі. Жобалау құрлысы екі бөліктен тұрады: құрылымдық
бөліктері, құралдарды әзірлеу. Қосымшаларда келтірілген схемалар және
бұйымдар. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1 Пирографикалық жұмыстарға арналған құралдарды жасау және оларды
таңдау теориялық негіздері
1,1 Пирография ағашты көркемдеп өңдеу сала ретінде
Ағашпен немесе пирографиямен күйдірумен адамдар мың жылдар бойы
айналысып келеді. Күйдірілген өрнекпен әшекейленген алғашқы бұйымдар Перуде
біздің заманымыздан бұрын 700 жылы табылды. Дөңгелектенген ағашты тас
немесе метал құралмен тырнау арқылы ежелгі суретшілер ағаштың сурет салуға
керемет материал екенін және осы ерекшелігін декоративтік мақсатта
пайдалануға болатынын анықтады.
Алдымен ағашты ашық отқа күйдірсе, кейін қыздырылған шеге, белгілі
бұрышта ұшталған метал сабақты қолдана бастады. Пирография термині
Англияда Виктория дәуірінде пайда болды, ол от дегенді білдіретін πυρο
және жазу дегенді білдіретін γραφία грек сөздерінен шықты. Ағашпен
күйдіру XVII ғасырда Еуропада көп таралған сурет кәсібіне айналды. Шеберлер
ағаштан жасалған тұрмыс-тіршілік заттарын – қасық, шам қойғышты безендіре
бастады, уақыт өте келе күйдірумен безендірілген жиһаз танымал болды.
Пирография орнаменттері ретінде күміс әбзел немесе сол заманның киімдері
безендірілген дәстүрлі өрнектер пайдаланылды. XIX ғасырда шеберлердің
кәсібилігі айтарлықтай жоғарылады. Алайда пирография сол кездері
коммерциялық кәсіп болған жоқ және бұл іспен әр адам өз ғанибеті үшін
айналысты. Бұған себеп шеберге жылдам жұмыс істеуге көмектесетін арнайы
құралдардың жоқтығы болды. Пирографияның қалыпты құралдар жинағы қозғалмалы
құмыра немесе жоғары шетінде саңылауы бар ыдыстан және көсеуден тұрды.
Көсеудің тесігі арқылы қыздырылған ағаш көмірде күйдіру жүретін табаға
қойылды. Сонымен қатар, көсеуге арнайы ұшталған ұштық кигізілді. Әдетте
шеберде осындай ұштықтардың әртүрлі формалы бірнешеуі болады. Шебер
көсеуінің тұтқасы оны ұстағанда күймес үшін асбестпен қапталды. Табадан
жаңа ғана алынған көсеуден шебер аз байқалатын сызықтарға ақырын өте отырып
аса дәлдік пен тереңдікті қажет етілетін бөліктерді күйдірді.
Жетілдірілмегендігі мен құралдардың жоғары температурасына қарамастан,
кейбір шеберлер таң қалдыратын жұмыстарды тындырды. Виктория дәуірінің
соңына қарай колөнершілерге газ және электрикалық пеш пен қыздырғыштар,
сонымен қатар платинадан жасалған ұштықтары бар көсеулер де көмекке келе
бастады. Ағашпен күйдіру үшін көсеуден басқа түтікпен келетін жеңіл
күйдіретін жанғыш газ қоспасы қолданылды. Жанартау қағидасы бойымен жұмыс
істейтін күйдіруші машина да пайдаланылған екен. Бұл машина резеңке түтік
пен көршілес резеңке ыдыстардан ауаны айдауға керек тері жалғанатын үлкен,
заманауи аэрозольды құтыға ұқсас баллондардан тұрды. Баллонды бензинмен
немесе спиртпен толтырады. Жанғыш сұйықтық буы сорғымен платина ұштығы бар
резеңке түтікке айдалып, одан өткен кезде қыздырылды. Машинаға қажет кезде
алмастыруға болатын бірнеше әртүрлі пішінді ұштықтар тіркелді. Платина
иненің қызуын тұрақты ұстап тұру үшін қолөнерші әр айналымда жанармайды
аяқ басқышымен басқылауға мәжбүр болды. Осындай машинамен жұмыс кезінде
ұштықта түзілетін қақты жою мақсатында қол астында үнемі азот қышқылы бар
ыдыс керек болды. Әлбетте бұл кәсіп денсаулыққа пайдалы емес еді. Алайда
барлық қиындықтарға қарамастан, пирография дамуын жалғастыра берді.
XIX ғасырдың соңында Мәскеудегі Балалық тәрбие шеберханасында атақты
суретші Сергей Малютиннің сызбасымен алғашқы орыс матрешкасы жасап
шығарылды. Бұл матрешканың барлық сегіз мүсіні күйдірілген суретпен
қапталды. Сол заманда Ресей империясында ағашпен күйдіру салыстырмалы жаңа
және ағашты көркемдеп өңдеудің аз таралған әдісі болды. ХХ ғасырдың басында
күйдірілген өрнектермен тұз сауыттарын, стақанды, ожауды, қораптар мен
қобдишаларды және тағы да басқаларын безендіре бастады. 1912 жылы Мәскеу
түбіндегі Сергей Посадында күйдіру және бояумен жүз шақты отбасы айналысты.
Матрешкалардың бірнеше нұсқалары шығарылды. Алайда матрешкаға деген жоғары
сұраныс шеберлерді бейнеті көп пирографиядан бастартуға мәжбүрледі және
ақырындап күйдіру өнері жазбамен алмастырылды. Бірақ ағаш қораптарын,
қобдишаларды, кішкене жәшіктерді безендіруге декорлық әдісті қолдануды
жалғастыра берді. Олардың құтысында халық өмірінен, тарихи оқиғалардан,
қалалардан көріністер бейнеленді. Бұйымдардың басым бөлігі әртүрлі
өрнектермен әшекейленді. Тұрмыс заттары да назардан тыс қалмады. XX ғасырда
жоғарыда аталған барлық құрал-саймандардың орнына негізі дәнекерлегіштің
құрылымы болатын жаңа пирографиялық құрылғы келді. Бұл алға жылжитын
маңызды қадам болды. Аталған құрылғы қолайсыз үлкендігі мен онымен жұмыс
кезінде қызатыны соншалық, қолмен ұстауға келмейтін жағдайына қарамастан
қазіргі күнге дейін кейбір шеберлер әлі қолданылып келеді. Бұл өнер дами
берді және 1962 жылы ағаш ісінің токары Питер Чайлдтың ұлы Рой Чайлд
аталған құрылғыны жетілдіруге шешім қабылдады. Он бес жасар бала құрылғының
күйдіргіш бөлігінің жаңа конструкциясын ойлап тапты және жоғарыда аталған
кемшіліктерін жойды деуге де болады. 1973 жылға қарай қыздырылған сыммен
күйдіретін пирографтың өндірістік саны реттелді. Қазіргі кезде бұл құрылғы
жетілдірілді. Арнайы пішіні бар сымнан жасалған ұштық тұтқаның қыздырылуын
азайтатын, таттанбайтын болат ұстағышы қойылады. Әйтеуір, 1975 жылы
өндіріске қатты ұштығы бар пирографиялық құрылғы шығарылды. Жоғарыда
сипатталған құрылғымен салыстырғанда оның әмбебаптығы азырақ, бірақ
жабдықтың қарапайымдылығының және сатылым көлемінің арзандығының арқасында
ол бұрынғы құрылғыдан асып түсті. Осы екі құрылғы көбіне бірін-бірі
толықтырады және заманауи шеберлер екеуін де жиі қолданады.
Бір қызығы, барлық жетілдірілулерге қарамастан заманауи әлемде отпен
сурет салудың ежелгі техникаларына орын табылды. Мысалы, Мадагаскарда әлі
күнге дейін ағашты метал күрекпен қызарғанға дейін күйдіру және одан кейін
шебер орнамент пен өрнектер сала отырып пышақпен бұрышы бар ағаштың жұқа
қабатын кесуді іске асырып келеді.
Пирографиямен айналысу әр адамның қолынан келеді және ол үшін әдемі
сурет салу қабілеті керек емес.Тек шыдамдылық пен өз қолымен әдемі бұйым
жасап шығару тілегі болса жеткілікті. Егер адамның қалауы үлкен болса,
пирография тек ермек қана емес, қаражат табудың жолы бола алады. Өйткені от
пен қыздырылған металды еске салатын бұйымдар үнемі сұранысқа ие.
Ағаш пирография материалы ретінде.Күйдіруді теріде, сүйекте,
тығында көмірлене алатын кез-келген материал бетінде жасауға болса да,
олардың ешқайсысы пирография үшін ағаштан артық мүмкіндік бере алмайды.
Оның үстіне, жоғарыда аталғандардан ағаш тұрмыста кең таралған және
қолжетімді материал.
Күйдіру материалы ретінде ағашқа қандай талаптар қойылады? Оның кейбір
түрлері пирографияға басқа түрлерге қарағанда көбірек келеді: ақшыл ағаш
арқылы күйдірілген сурет пен негіз арасындағы күшті контраст алынады, онда
сурет детальдары мен сызықшалары дәлірек көрінеді, сондықтан ақшыл ағашта
сіздің жұмысыңыз ұтымды көрінеді. Алайда, күйдіру үшін кез-келген ақшыл бет
келе бермейді, себебі ағаштың кейбір ақшыл түрлері талшықты ұлпалардың
маңызды бөлігінен құралады. Ашық белгіленген текстурасы бар ағашпен жұмыс
жасау қиынырақ, сондықтан көптеген шеберлер текстурасы азырақ ағашты
таңдайды. Бұл күйдіру үшін таза төсем алуға мүмкіндік береді. Бірақ егер
ағаш бетіндегі табиғи суретті болашақ бұйымның композициясына қосса,
нәтижесі өте айқын болмақ.
Күйдіру үшін қара ағашты қолдануға болады, бірақ оның үстіне салынатын
сурет бұл аяда жоғалады, әсіресе, лакпен қаптағаннан кейін. Осы себептен
қара материалдардағы пирографиямен бірге әдетте суретті ерекшелендіру үшін
бояу немесе басқа пигменттер қолданады.
Сонымен қатар, бір тұқымның ағаштары 150 °С температурада жанса,
басқалары үшін бұл табалдырық айтарлықтай жоғары – 250 °С-қа дейін. Мысалы,
жөке ағашының сүрегі бүк ағашы немесе қайыңға қарағанда өте төмен
температурада жанады. Сондықтан пирографияда қолданылуына қарай ағаш
түрлерін тек ақшыл мен қара деп қана емес, қатты мен жұмсақ деп те
ажыратқан жөн. Жұмсақ сүректе күйдіру қаттыға қарағанда әлдеқайда жеңіл
және тез. Егер сізде жеткілікті қуатты пирограф болса, ең қатты тұқымды
ағашты ойдағыдай күйдіруге болады, бірақ тегіс және жұмсақ ағаштарда жұмыс
істеген дұрыс. Терең және айқын із болу үшін қыздырылған ұштықтың жұмсақ
ағаш бетіне жеңіл тиюі жеткілікті.
Өңделген бет қолдан жасалған немесе табиғи жарықтандыру көзінің түзу
сәулелерінде орналасса, гүлденуі мүмкін. Күйдірілген суреттің түссізденуін
ескерту үшін оны тіке күн сәулесі түспейтін жерге немесе шамның ашық
жарығына орналастырған дұрыс. Егер де сіздің жұмысыңыз ашық кеңістікке
арналса, ультракүлгін ингибиторы бар лактардың қолданысын қарастыруға
болады (мысалы, кемелі лак).
Қатты ағаштан жасалатын тақталар маңдайшаларға, функционалды заттарға
жақсы келеді, оған қоса, жұмсақ ағашта бірлесетін ұсақ детальдарды
күйдіруге мүмкіндік береді. Ерекше назарды қырларында қабығы бар шет
тақтайға аударған жөн – бұл қабық күйдіруге арналған бет айналасында
эффективті табиғи жақтаманы түзеді.
Тағы бір ескерту ағаштың түстік немесе фактуралық біртекті еместігіне
байланысты жасалмақ.
Ағаш түрлері жоғарыда аталғандардан басқа өте көп, күйдіруге көптеген
ағаш түрлері де кездеседі, мысалы, шамшат, сауырағаш, ағылшын немесе
канадалық үйеңкі. Қасиеттері бойынша олардың сүрегі шегіршін сүрегіне
жақын. Экзотикалық түрлері де кездеседі, бірақ біздің ортаға олар дайын,
әрі қымбат бұйым ретінде түседі. Осы себептен сүректі, мысалы, палисандр,
секвойяны күйдіру материалы ретінде қарастырудың аса маңызы жоқ. Бізде
күйдірудің үздік материалдары ретінде қандыағаш, жөке ағашы, қайың,
шегіршін, терек пен талшын саналады, өйткені олардың ашық боямасы бар, ал
олардың құрылысы біртекті және аз борпылдақ.
Ағаш тұқымдастарының ерекшеліктері.Қарағай – біздегі ағаштың ең көп
таралған түрі. Ол қымбат емес және жақсы күйдіріледі, бірақ оның әртүрлі
бөліктері бірдей емес қаттылыққа ие, сондықтан оның үстінен үздіксіз сызық
жүргізу қиынға соғады. Біреулер ойдағыдай қарағайды және талшықты ағаштың
басқа да түрлерін қолдана біледі, алайда осы ағашта аз көлемде детальдармен
суретті күйдіріп салған дұрыс. Қарағайдың тағы да бір кемшілігі, басқа да
қылқан тұқымдастарында секілді, оның шайырлылығы. Тіпті мұқият тазарған
қарағай тақтасының беті уақыт өте келе шайыр тамшыларымен қапталуы мүмкін.
Бұл ерекшелігі күйдіретін құрылғы тудыратын жоғары температура әрекетімен
көрінеді. Сондықтан қарағай бөлшектерін дайындау барысында оны шайырдан
тазартып алу қажет.
Шырша. Ағаш қарағайға тығыздығы мен шіруге шыдамдылығынан жол береді.
Бұтақтардың көп мөлшері мен олардың жоғары қаттылығынан оны өңдеу қиын
болады. Артықшылықтары: құрылу біркелкілігі, ұзақ уақыт сақталатын ақ түс,
аз шайырлылық. Жылдық қабаттары барлық қималарында жақсы көрінеді.
Қарағайға қарағанда өте үлкен бұтақтар ортасына кіші көлемдегі жалғыз
бұтақтар түсетін араластырғышпен орналасады. Ағаш ядросыз, біртекті ақ
түсті, кейде әлсіз сарғыш немесе қызғылт реңкпен.
Майқарағай. Сібір майқарағайының ағашы сыртқы келбеті бойынша шырша
ағашына ұқсас, бірақ шайырдың болмауымен ерекшеленеді. Жылдық қабаттары
қималарында жақсы көрінеді. Қарағайға қарағанда өте үлкен бұтақтар ортасына
кіші көлемдегі жалғыз бұтақтар кездесетін араластырғышпен орналасады.
Сібір самырсыны немесе сібір самырсын қарағайы. Ағаш жұмсақ, жеңіл,
өңдеуге жақсы келеді. Сарғыш-қызғылт ядросы, сарғыш-ақ жұқа сүрек қабаты
бар. Шайырлары өте үлкен, бірақ қарағайға қарағанда олар аз. Жылдық
қабаттары барлық қималарында жақсы білінеді, бірақ ерте аймақтан кеш
аймаққа өтуі біртіндеп, қарайтылып жүреді. Жүрек тәрізді сәулелері
көрінбейді. Әртүрлі бағытта жеңіл, әрі тегіс кесіледі, әдемі түс пен
текстураға ие.
Балқарағай. Балқарағай ағашы шамамен 30%-ға қарағайды мықтылық пен
тығыздығымен асып түседі, салыстырмалы аз бұтақтарымен, шіруге жоғары
шыдамдылығымен ерекшеленеді, алайда шытынауы жоғары, ал жоғары шайырлылығы
мен қаттылығы өңдеуді қиындатады. Сондықтан балқарағайдың пирография үшін
жарамдылығы аз.
Емен. Жоғары қаттылық пен мықтылығы – емен ағашының басты
ерекшеліктері. Сонымен қатар, шіруге шыдамдылығы мен иілу қабілеті де
назардан тыс қалмауы қажет. Қималарында әдемі текстура береді. Бірақ,
барлық артықшылықтарына қарамастан, өкінішке орай, емен пирография үшін аз
жарамды. Еменнің талшықты ұлпаларының қаттылығы соншалық, күйдіруге
келмейді. Алайда, жоғарыда айтылғандар бұл әдемі материалмен эксперимент
жүргізуге болмайды дегенді білдірмейді.
Бүк ағашы. Ағаштың жоғары мықтылығы тән, иілуге тез беріледі (буланған
жағдайда), бірақ шіруге тұрақсыз. Емен сияқты пирография үшін аз жарамды.
Жөке ағашы. Күйдіру материалы ретінде жетекші орынды алады. Жөке
ағашынан 90 % ағаш мүсіндері жасалады. Оның сүрегі ақшыл, жұмсақ, икемді,
құрылым тығыздығы біркелкі тегіс талшықтары бар. Бұл қасиеттер жөке ағашын
күйдіру мен кесуге лайық мінсіз етеді. Сымда ұштықпен оның сүрегінің
бойында күйдіру көмір қабаттарын қалдырмайды, өйкені жөке шайырлы ағаш
емес.
Тал. Бұл ағаштың сүрегі жөке ағашына оңай берілмейді, ол жеңіл, тұтқыр
және иілгіш келеді. Талды әртүрлі құрал-сайман, теннис пен бадминтон
ракеткасы, протез дайындауда қолданады; ол – доға, шеңбер, себет пен жиһаз
жасауда ең үздік материал.
Көктерек. Күйдірудің тағы да бір танымал материалы. Ядросыз тұқымдасы.
Ақ түсті, жасыл реңкі бар ағаш: жалдық қабаттары әрең, жүрек тәрізді
сәулелері мүлдем көрінбейді. Көктерек сүрегі біртекті құрылымды, оңай
нұрланады, тез өңделеді, егер бөлмеде болса, ұзақ уақыт сарғаймайды. Суда
ұзақ уақыт шірімейтіні оның тағы да бір жақсы қасиетіне жатады.
Қайың. Қайың сүрегі жоғары мықтылыққа ие, әсіресе, соқпа жүктемесі
кезінде. Біртекті құрылым мен түске ие, тығыздығы мен қаттылығы орташа.
Шіруге қарсы тұрақсыз. Тұқымдасы ядросыз, жұқа сүрек қабатынсыз (піскен
сүрексіз); ағаш қызыл (көбіне сарғыш) реңі бар ақ түсті.
Барлық қималарында жылдық қабаттары нашар ажыратылады. Сауыттары
білінбейді. Жүрек тәрізді сәулелері жұқа, тек радиалды қимада (жарылуда
жақсырақ) әрең көрінеді. Кең таралғандығы, жоғары механикалық қасиеттері
мен қолжетімділігінің арқасында жапырақ тұқымдастарының ішіндегі өндірістік
маңызы бойынша үлкен сұранысқа ие. Карел қайыңы мен тіссауыттардың сүрегі
декор материалы ретінде пайдаланылады, ал қайыңды шере – пирографияның ең
танымал материалдарының бірі.
Шегіршін. Самырсын (Шегіршінді) тұқымдасына тиесілі, оған қарағаш пен
самырсын да жатады. Барлық үш тұқымдастар ядролы, тығыз, мықты сүрегі бар,
тек қимасындағы түсімен және ұсақ сауыттары жылдық қабаттардың артқы
бетінде орналасуымен ерекшеленеді. Шегіршіннің жұқа сүрек қабаты ақшыл-сұр,
кейде күлгін реңкке ие. Ол құба-сұр ядродан шұғыл шектелген, барлық
қималарында жылдық сақиналары жақсы көрінеді. Шегіршіннің жұқа сүрек қабаты
айтарлықтай кең (40 жылдық сақиналарға дейін), самырсын мен қарағашта – тар
(8 жылдық сақинаға дейін). Самырсынның сүрегі қара-қоңыр түсті, радиалды
қимасында әдемі текстурасымен ерекшеленеді. Бірақ ең қарасы қарағаш
саналады – оның сүрегі қызғылт-қоңыр түсті. Бұл ағаштар орта жолақта өседі.
Сүрегі тұтқыр, иілуге жақсы келеді, нашар қыздырылады.
Пирографтар үшін маңыздысы – шегіршінді дәстүрлі түрде ас үй жабдығын
дайындауда қолданады: ағаш қасық, күрек, азық-түлік турайтын тақтай. Ол өз
алдына керемет күйдіруге арналған материал – ақшыл сүрегі мен көбіне
талшықты және басқа да ұлпаларының қаттылықтағы әлсіз ерекшелігінің
арқасында.
Шілік бұл жағдайда кемшілік болмайтын қатты сүрекке ие. Бұл ағашта
күйдіруге көп уақыт кетеді, бірақ оның үстінде ұсақ бөліктермен сурет
салуға болады. Шілік сүрегі көбіне қаралау, бірақ қабығына жақын ақшыл
бөліктері кездеседі. Шілік токар білдегінде жақсы өңделеді, ал кішкентай
терімен ажарландырудан кейін оның беті тегістеніп, ұстауға жағымды
сезіледі. Егер сіз кілтектің толық табағын сатып алсаңыз, тауарды мұқият
қараңыз: мүмкін сізге қызықты табиғи суреті бар парағы түсетін шығар.
Шаған. Сүрек қасиеттеріне байланысты еменге ұқсас, жоғары мықтылық пен
тұтқырлыққа ие, сирек шытынайды, жақсы иіледі. Кең жұқа сүрек қабаты сарғыш
немесе қызғылтым реңкті ақ түсті, кей жерлерінде ақшыл-қоңыр ядродан
шектеледі. Жылдық сақиналары барлық қималарында көрінеді, ал жүректәрізді
сәулелер, керісінше, нашар ажыратылады. Осының барлығы қимада әдемі
текстура түзеді. Басқа қатты тұқымдастар секілді күйдірілуі қиын.
Талшын. Талшынның сүрегі жеңіл, жұмсақ, кесумен өңдеуге және
ажарландыруға жақсы келеді. Пирографияға әбден жақсы. Тұқымдас ядролы,
ядросы түсі мен құрылымы бойынша емен сүрегіне ұқсас, бірақ жүректәрізді
сәулелері көрінбейді. Жұқа сүрек қабаты тар, ақшыл, сарғыш реңкі бар.
Жылдық сақиналары барлық қималарында жақсы көрінеді. Талшында еменді
заттардың көп мөлшері бар, сұр заты мен текстурасының айшықты суретімен
ерекшеленеді.
Үйеңкі. Қатты, тығыз сүрегі бар, мықтылығымен еменге қарағанда үлкен.
Аз бүрсиеді және жақсы өңделеді, күйдіріледі. Сүрегі қоңыр немесе қызғылт
реңкі бар ақ түсті, барлық қималарында жылдық сақиналары жақсы көрінеді.
Радиалды қимасында шұбарлық беретін жүректәрізді сәулелері білінеді.
Сырылған үйеңкі кілтегі бұратыла біткен текстураға ие және декорлық қолдан
жасайтын материал ретінде үлкен сұранысы бар. Құс көзі аталатын үйеңкі
түрі әдемі текстурасына байланысты өте құнды. Кілтектің кейбір үлгілері
соншалықты әдемі, оларды жақтаушаға орналастырып, өнер туындысы ретінде
қоюға болады.
Терек. Терек сүрегі жеңіл, жұмсақ, біртекті құрылымды, жарқын емес
текстура суретімен, кептіру кезінде шытынамайды, ажарландыру мен кесіп
өңдеуге жақсы келеді. Жылдық сақиналары барлық қималарында көрінеді. Қара
және канадалық терек діңінің тамырға тақалған бөлігі карел қайыңына тән
әдемі текстурасымен ерекшеленеді, сырылған шере мен декорлық нұрланған
кілтегін дайындауда қолданылады.
Қандыағаш. Қандыағаш сүрегі жұмсақ, жеңіл, құрылымы біртекті. Жақсы
кесіледі, аз бүрсиеді, жақсы ысып жылтырланады және күйдіріледі, суда
тұрақты, сондықтан ол тіреуіш, құдыққа салынатын қима, шахталық баған
дайындауда пайдаланылады. Жаңа ғана кесілген жұқа сүрек қабатының түсі ақ;
ауада ақырындап қызарады да, сарғыш-қызыл болады. Жылдық сақиналары аз
білінеді. Жүректәрізді сәулелері жұқа, жай көзге көрінбейді, көлденең
қимасында – жалған кең және ақшыл, кейде бүгілген радиалды сызықтар түрінде
көрінеді. Жүректәрізді қайталамалар қоңыр секпіл, дақ немесе сызықша
түрінде кездеседі. Терек діңінің тамырға тақалған бөлігінде өсінділер мен
тіссауыттар шығуы мүмкін.
Шынар. Сүрегі тығыз, қатты, жақсы механикалық қасиеттерімен, жақсы
өңделеді, кесіледі, пирографияға жарамды. Тұқымдас ядролы, жұқа сүрек
қабатының түсі қоңыр-сұр, ядросы қоңыр-қызыл. Жүректәрізді сәулелері жақсы
көрінеді және сүректен әлдеқайда қаралау. Ағаш текстурасы қималарында үлкен
декорлылығымен ерекшеленеді.
Алмұрт ағашы. Сүрегі қызғылт-қоңыр немесе қызыл-қоңыр түсті, құрылымы
біртекті, мықты, қатты, ауыр, барлық бағытта өңделеді және кесіледі, оңай
безендіріледі, боялуды жақсы қабылдайды, әсіресе, қара ағашта ұқсастыру
кезінде. Алмұрт ағашы аз бүрсиеді, ұсақ терінің арқасында оның беті оңай
тегістеледі.
Аттың жалыны секілді талшықты ұлпа бөліктері күйдіруге қарсыласпайды,
бірақ қара сүректе ойдағыдай контраст алу үшін ұзақ жұмыс жасау қажет.
Алма ағашы. Алма ағашының өзегі қоңыр-қызыл, жұқа сүрек қабаты – сарғыш-
қызғылт және ядродан әлдеқайда ашық. Сүрегі тұтқыр, мықты, тығыз, жақсы
кесіледі, өңдеу мен безендіруге келеді, токар білдекте ұшталып,
күйдіріледі.
Шие ағашы. Ядролық тұқымдастар. Сүрегі сұр реңкі бар сарғыш-қызғылт
түсті. Радиалды қима кезінде сүрекке тән жолақтық көрінеді. Ағаш мықты,
қатты, жақсы өңделеді, кесіледі және безендіріледі.
Шетен. Күйдіруге төмен келетін материалдардың бірі. Сүрегі тығыз,
қатты, мықты, ауыр, отқа төзімді, соққы мен күйдіруге қарсы жақсы тұра
алады.
Жаңғақ. Ағаш әдемі текстурасымен ерекшеленеді, жиһаз және шере
өндірісінде жоғары бағаланады. Алайда, жаңғақ ағашының сүрегі аса қатты
және шектелген ауыр, сондықтан шетен секілді пирография үшін аз келеді.
Күйдірудің керемет материалы – шере. Ол суретті күйдіріп, қабырғаға
іліп қоюға, қобдиша дайындап, оны күйдірілген өрнекпен қаптауға,
пирографиямен безендірілген сөре және басқа да заттар жасауға жақсы келеді.

Шере – екі немесе бірнеше нұрландырылған жапырақты тұқымдастардың
(қайың, көктерек) қозғалмалы парақтарда сүрек талшықтарының өзара
перпендикуляр орналасуындағы кілтек парақтарынан жабыстырылған ағаш
материал. Кілтектің симметриялы орналастырылған қабаттары (шере қалыңдығы
бойынша) бір тұқымдастан шыққан және бірдей қалыңдықтағы сүректерден шығуы
қажет.
Сыртқы қабаттары жейде, ал іші – ортасы деп аталады. Шерені оның
жейдесі қандай тұқымды ағаштан жасалғанына байланысты атайды. Әдетте ол
қайыңнан жасалады, бірақ қарағай, тіпті бүк ағашынан шере табуға болады.
Қайыңды шере қарағайлы шереге қарағанда күйдіруге ауыр беріледі, алайда
оның құрылымы біркелкі. Бүк ағашынан жасалған шере күйдірудің жақсы
материалы, ол күйдіруге қиындықпен беріледі, бірақ құрылымынан біртекті.
Шеремен жұмыс кезінде оның кейбір ерекшеліктерін ескерген жөн. Шере
қағазы жабыстырылған кілтектің әр қабатының қалыңдығы рельефты күйдірілген
сурет алуға жеткілікті, сондықтан қыздырылған ұштық желімнің қабаттарына
кіріп кетпес үшін абай болу қажет. Желім денсаулық үшін зиян болмаса да,
оның буы жазылмайды. Оның үстіне, қабаттар арасындағы шекараның бұзылуы
кілтектің сол жерде күп болуына әкелуі мүмкін. Сол секілді кілтекпен
жалатылған ағаш-жаңқалы тақтамен де жасайды (АЖТ), оның үстіне жоңқаларды
бір АЖТ-ға қосу үшін қолданылатын желімде денсаулыққа зиян қоспалар бар.

Қалыпты шере парақтарының қалыңдығы 1–12 мм. Қалыңдығы 12-ден 78 мм-ге
дейін қағаздарды шере тақта деп атайды.
Шере парағының ұзындығын жейделердің сүрегіндегі талшықтардың бағыты
бойынша анықтайды. Егер қағаз ұзындығы енінен үлкен болса, шерені бойлық
деп, ал ұзындығы енінен кіші болса, оны көлденең деп атайды. Жазбаларда
алғашқы санмен ұзындықты белгілейді. Шере қағаздарының көлемдері үлкен –
шеренің қалың түрлеріне 725 × 1220 мм-ден бастап және тақтайларға 1525 ×
1525 мм-ге дейін, жұқа түрлеріне 1525 × 2440 мм.
Әлбетте, егер сіз пирографиямен кәсіби түрде айналыспасаңыз, жұмыс үшін
шеренің үлкен қағазын сатып алмайсыз, ал сатушылар оны бөліктерге кесуге
келісері екіталай. Сонда дайын өнімдерді қайдан алуға болады?
Пирографияның танымал қолданылуы – жиһаз. Уақыт пен жақсы ойлау
қабілеті болса, қарағайдан жасалған қымбат емес кофе столын, бақшадағы
демалысқа арналған шезлонг немесе қарапайым табуретті отбасылық жәдігерге
айналдыруға болады. Тіпті үй тұрмысындағы ағаш заттарға, мысалы, ас үй
шкафтарына пирография көмегімен ерекшелік сыйлауға болады.
Күйдіруге арналған дайын материалдарды қымбат емес ас үй жабдықтары
сатылатын дүкендерден сатып алуға болады. Азық-түлік турайтын тақтай,
қасықтар, жұмыртқа қойғыштар және тағы да басқалары, әлбетте, пирография
көмегімен өңделе алмайды, бірақ сіз жұмыс істеуге қолайлы, қажетті беті бар
заттарды таңдай аласыз.
Үнемі сатылымда бар кез-келген ағаш заттарға назар аударып жүріңіз,
олардың ішінде жарамды, тіпті сіз үшін қызықты болатындары табылуы мүмкін.
Оларды қайдан кездестіруге болатынын ешқашан алдын-ала біле алмайсың. Егер
ол зат лакпен қапталып немесе жазбалары көп болса, оны жонып, күйдіруге
арналған дайындама ретінде қолдануға болады. (1-сурет).

1-сурет. Үлкен бұтақты тақтайда дайындалған пирографиялық панно.
Тұрақты түрде жақсы нәтижеге қол жеткізу мақсатында жұмысқа мұқият
дайындалу өте маңызды. Сіздің болашақ бұйымыңыздың дайындамасының сапалы
жасалуы тек сыртқы түріне ғана емес, сонымен қатар, күйдіру кезіндегі
сіздің көңіл-күйіңізге де байланысты болады.
Ағашты кесу.Ағаш және ағаш ұсталық жұмыстарда әдетте аралар және
қоларалар қолданылады. Пирография шебері бір ғана қоларамен ғана жұмыс
жасайды, өйткені ол шағын көлемді жұмыстарда бойлық және көлденең кесу
кезінде де қолданыла алады. Бұл ретте мынаны ескеру керек, ірі тісті аралар
өрескел бөліктерді дайындау үшін, сондай-ақ жұмсақ және дымқыл ағашты
кесуде қызмет етеді. Құрғақ және қатты ағашты жұқалап кесу үшін ұсақ тісті
араны пайдалану керек: егер ара тістерінің арасындағы арақашықтық шамамен
материал қалыңдығына тең болса, тақтаны кесу қиын.
Ағашты кесу кезінде оң қолмен қатты ұстау керек, ал сұқ және үлкен
саусақтарды қолараның бойымен бағыттап отыру қажет. Бұл құралдың дұрыс және
түзу қозғалысын қамтамасыз етеді, өйткені білек бұлшық еттері ара қолын
ұстағандағы сияқты (жұдырықта) қатты қимылдамайды. Бұл әсіресе шағын
көлемді қолараларға қатысты. Арамен кесуді бастау өзіне емес, алға қарай
қозғалыспен жүруі тиіс. Араны сол қолдың үлкен саусағымен белгі бойынша
бағыттай отырып, ақырын қимылмен өзіне жақындатады, осылайша жеткілікті
тереңдікте кесіледі. Араны тістерінің сол жағы сызық бойымен нақты
өтетіндей етіп белгіленген сызық бойымен бағыттайды. Арамен кесуді бастай
отырып, ара беті кесілетін зат бетімен тік бұрыш жасауын қадағалаңыз.
Қоларамен кесу байыппен өтуі тиіс және ұстағышқа сәл ғана күш түсіріледі.
Құралдың тістерінің арасы жеткілікті болуы керек (бетінің қалыңдығынан ⅓-
нен кем емес). Кесудің дұрыстығын бұрыштықпен тексерген ыңғайлы. Кесу
кезінде аз күш жұмсау үшін араны тақтай бетімен белгілі бір бұрышта
ұстайды. Әдетте бұл бұрыш 60° саналады, алайда қалыңдығы 20 мм-ден аспайтын
жұмсақ ағашты көлденең кесу кезінде шамамен 40° болатын бұрыш ыңғайлы
болады. Есте сақтау керек: тістердің көп мөлшері бір мезетте ағашқа тиген
кезде, жұқа дайындаманың кесілуі жақсырақ жүреді.
Кейбір жағдайда қол ара кеспей қалуы мүмкін, ондай жағдайда оның
тістерін сабынмен сүрту керек. Алайда, бұл кеңес ара дымқыл немесе майлы
ағашты нашар алған кезде көмегін тигізеді.
Шере парағын босату үшін ұсақ тісті қолара немесе элеткр аспабын –
циркулярлы ара немесе электр қыл арасын қолдануға болады. Шындығы,
өнімділігіндегі аса ұтымдылығын ескермесек, электр аспабы шығармашылық
тапсырмалар үшін соншалықты жақсы емес. Циркуляр құралы материалды өте
түзу, дұрыс кеседі, бірақ ол ол тек түзу қисықты жұмыстарға ғана жарамды.
Электр қыл арасы, керісінше, қиғаш кесуге арналған. Бірақ, біріншіден,
осының кесірінен ұзын түзулерді орындау оларға қиын (алайда, мүмкін), ал
екіншіден, элетр қыл арасымен лекалды, жұмсақ қиғаштарды кескен ыңғайлы.
Сондықтан жоғарыда сипатталған құралдар тек қарапайым формалардағы
дайындамаларды жасауға жарайды – тікбұрышты немесе дөңгелек. Егер сізге
қиын құрылысы бар заттарды жасағыңыз келсе және ішінде ұсақ кесіктері бар
болса, бұл реттегі жалғыз көмекші – қол қыл арасы. Жұқа қыл ара арасымен
сіз шере шілтерісін немесе тіпті ең күрделі формалы пластинаны жасай
аласыз.

1.2 Пирографикалық аспаптарды топтастыру және қазіргі заманғы түрлеріне
шолу жасау.
Жалпы, жұмыс бөлігінің түріне (ұштыққа) тәуелді пирография
құралдары екі категорияға бөлінеді: қатты саптауы мен тұрақты температура
режимі бар құралдар мен бақыланатын температурасы бар сымды қауырсынды
құралдар. Екі түрі де бірдей жұмыс жасау үшін дайындалса да, олар бір-
бірінен ерекшеленеді.
Қатты саптауы бар пирографиялық құралдар. Осындай құралдар сымды
қауырсынды құралға қарағанда үш есе арзан тұрады, мүмкін одан да төмен.
Сыртқы келбеті бойынша дәнекерлегішке ұқсайды, бірақ ағашпен күйдіруге
арнайы ойлап жасалған (2-сурет). Отандық өнідірісте сәйкес құрылғыны табу
қиын, бірақ сатылымда көптеген импортты құралдар бар, оның ішінде қымбат
емес қытай өндірісінен де. Қатты саптаулы пирографиялық құралдардың белгілі
бір артықшылықтары бар. Бұл реттегі құрылғылар қою сызықтармен немесе
қайталанатын ұсақ өрнектермен сурет күйдіруші шебердің сұранысын
қанағаттандырады. Тегіс ұштығы бар жұмыс бөлігі өңделетін беттің үлкен
аудандарын біртекті сызықшалармен қараңғылау немесе негізделіп оларды
күйдіру талап етілгенде өте ыңғайлы. Бұл жағдайда қатты саптаулы пирограф
жақсы келетін құрал саналады.

2-сурет. Қатты саптаулы пирографиялық құрылғы: а  –пирограф; б  – қиғаш
саптау; в  – жазатын (каллиграфикалық) саптау; г  – жазық өңдеуші; д  –
қасықтәрізді өңдеуші; е  –баспасы бар (мөртабан) саптау үлгісі;
Оған қоса, бұл пирографпен бірге жазық немесе қиғаш ұштықтың орнына
әртүрлі мөр қолданған ыңғайлы. Әсіресе, ағашпен күйдірумен жұмысты
бастаушылар үшін керек. Күйдіру үшін баспа қайталанатын өрнек шығаратын
құрал саналады: қарапайым пішіндер қолданылады – дөңгелек, үшбұрыш,
төртбұрыш, иректер. Ал ойлау қабілетінің арқасында баспаларды қолданып,
өрнектердің қаншама түрлерін алуға болады!
Шығарылған өрнек ағашта қалай орналасатынын елестету үшін, алдымен оны
қағазға шығарып алып, баспаны қарапайым мөрқалып жастықта сияға батырып алу
керек. Әдетте құралды (сәйкесінше, өрнекті) дұрыс ретте алмастырып отыруға
мүмкіндік беретіндей баспаның өзі кесіледі немесе алмастырылмалы ұштықтың
бүйіржағына бекінеді. Дайындалудың әдістері бірнеше болуы мүмкін.
Диаметрі қатты саптау ретінде қолдануға мүмкіндік беретін жез, мыс
немесе болат серіппенің ұшында нақыштаманың көмегімен рельефты орындайды –
бұл қарапайым геометриялық фигуралар (2-сурет, е). Грек тілінен аудармада
отты баспа (дәл осылай материалды қыздырылған метал мөртабандардың
бедерлемелерінің көмегімен безендіруді атайды) дегенді білдіретін пиротипия
үшін электрикалық пирограф керек емес. Себебі, бұл кәсіптің пайда болғанына
бірнеше ғасырдың жүзі болды, ал электрді адамзат салыстырмалы түрде жақында
қолдана бастады. Қатты алмастырылмалы саптауларды арнайы жанғыш емес
материалдан (металдан) жасалған ұстағышта бекітуге болады; оның басқа
жағынан тұтқаны орналастырады, әдетте ағаштан жасалған. Кейін клише
150–170 °С дейін қыздырылып, бұйымға жабыстырылады. Ұқсас мөрқалып цангалық
метал ұстағышы 3, а-суретінде көрсетілген.
Баспа қаңылтыр немесе қағазды жезден жасалған жолақ соңында кесіліп
алынуы мүмкін. Кейін жолақ саптау диаметрі бойынша иіліп, ал баспа 90°
бұрышта бүгіледі (3, б-сурет ). Ұшында мөрі бар бұндай цилиндрді
пирографтың қатты саптауына немесе жоғарыда сипатталған мөрқалыпқа
кигізіледі (3, сурет).

3-сурет. Пиротипияға мөрлер: а  – алмастырылмалы ұштықтары бар цангты
мөрқалыптың құрылғысы; б  – алмастырылмалы мөр қолданылуы; в  – иілгіш
метал жолақтардан тұратын мөр қашауларының фрагменттері мен солардың
біреуінің дайындалу үдерісі; г  – түзу түтіктен тұратын мөршелер; д  –
қырындағы беттерге тік бұрыш жасап қисайып, шығыңқы келетін түтіктерден
тұратын мөршелер.
Мөрлердің тағы да бір түрін ішкі диаметрі оларды пирограф ұштығына
орналастыруға мүмкіндік беретін жез немесе мыс (жаманы – болат)
түтіктерінен жасайды. Осындай түтік бүйір жағында егеу көмегімен дөңгелек
бедерлеме беретін жүйелі өрнек түзеді. Мөрді бір немесе бірнеше жағынан
жалпайтып тастау арқылы, бедерлемеге басқа пішін береді (3, г-сурет).
Түтіктерден өзгеше конфигурацияға ие мөрлер жасауға болады. Ол үшін
бүйіржақтарды қылауықпен кертпейді, кішкене тереңдікте арамен кеседі. Одан
кейін алынған жапырақтар қылауықпен қосымша өңдейді де, оны сыртынан немесе
ішінен бүгеді (3, д-сурет).
Алайда қатты саптаулармен жасалатын суреттер сымнан жасалған қауырсын
көмегімен істелетін суретке қарағанда дөрекі шығады. Қатты ұштықтар сымды
қауырсындардан үлкенірек. Оларды мыс немесе жез шыбықтан жасайды, немесе
қыздырылатын элементке оратылады. Тұтқалар әдетте өте үлкен болады, кейде
құралды ағаш бетінен әлдеқайда алыс ұстауға тура келеді. Қатты саптаулы
күйдіргіштер ақырын қыздырылып, ақырын суытылады (5 минутқа дейін).
Оның үстіне, осындай пирографтар тек бір температуралық режимде жұмыс
жасауға негізделген, және сурет ашықтығының деңгейін өзгерту үшін жалғыз
тәсіл бар – саптаудың қозғалу жылдамдығын бақылауды ұстау. Сіз құрылғыны
тезірек орналастырсаңыз, сурет ашығырақ болады, және ақырын
орналастырғанда, сурет қаралау болады. Кейбір өндірушілер әртүрлі
қуаттылықтағы құрылғыларды ұсынады; қуаты жоғары болса, қыздырылуы да тез
болатыны, ал 20 ваттан төмен болса, жұмысы да ақырын болатыны анық. Бұл
жағдайда әртүрлі қуатқа ие бірнеше құрылғы сатып алуға болады.
Кішігірім дәнекерлеушіні сатып ала отырып, осындай пирографпен жұмыс
жасап көруге болады. Дәнекерлеушінің шанышқысын қысқартқан жөн – ол
қыздырғыштан 2-3 см болуы керек. Бірақ осындай қысқа шанышқы аса қыздырылып
кетіп, тез жанады. Сондықтан дәнекерлеушіні қуат бақылаушысы арқылы қосу
көмегімен жұмыс жасауда қосымша қолайлылық туғызады – сонда сіз шанышқының
температурасын өзгерте аласыз (қыздырылудың инерциялығынан ол өте ақырын
өзгереді). Дәнекерлеушіні қолдана отырып, сіз мөрлермен де жұмыс жасай
аласыз. Бірақ әлде де дәнекерлеушімен күйдіру үдерісі арнайы құрылғымен
жасалатын жұмыстан айтарлықтай ерекшеленетін болады.
Осындай құрылғының белгілі кемшілігі – біраз уақыттан кейін ол қатты
қызып, қолда ұстау шыдамсыз бола бастайды.
Жалпы, осы тектес құрылғылар сымды қауырсынды құрылғылар сияқты аса
дәлдікпен сурет бере алмайды. Негізінен олар үлкен масштабтағы туындылар,
фон дайындау, сонымен қатар, жұқа сызық пен жарық көлеңкелерін талап
етпейтін қарапайым өрнек салу үшін жақсы.
Сымда қауырсыны бар пирографиялық құрылғылар. Осы тектес құралдарда
қауырсын немесе кішкене тұмсық деп аталатын иілгіш жұмыс бөлігі бар. Олар
никель-хром (нихромды) сымнан жасалады және арнайы ұстағышқа –тұтқаға
бекініп, пішінімен қалың қарандашты еске салатын шанышқыға бекиді. Сымнан
электр тоғы өткенде қауырсындар қыздырылады. Қауырсынды тұтқа электр
бауының көмегімен қайта қосқыш немесе қуатты ақырын бақылағышы бар қуат
беру блогына жалғанады, бұл қауырсынның температурасын өзгертуге мүмкіндік
береді. Ереже бойынша, сым аздаған секунд шамасында қызыл түске дейін
қыздырылуы мүмкін. Суытылуы да тез жүзеге асады. Бұл өте ыңғайлы –қатты
саптау бар пирографқа қарағанда, сымды қауырсынның температурасын сол
кездегі тапсырмаға байлананысты бір сәтте-ақ өзгертуге болады. Тұтқаға
сымды қауырсындар әртүрлі тәсілмен бекінеді.
Бір өндірушілерде ол жалғану кезінде жақсы байланысты қамтамасыз ететін
ток өткізетін шанышқының ұштарында орналасқан екі бұранда арқылы жасалады
(4, а-сурет). Ондай қауырсындарды байланыстырушы бұрандаларды айналдыру
арқылы, қауырсындарды алып, жаңасын бұрандамен бекіту көмегімен оңай
алмастыруға болады.
Басқа типті тұтқада алмастырылмалы саптаулар қолданылады: арнайы
жақтамаларға тығыздалған немесе дәнекерленген қауырсындар. Әдетте, саптауды
ауыстыру үшін тұтқаның соңындағы цилиндрлік бекіту жалғастырғышын бұрап
алып, пинцетпен бір саптауды алады да (кептірілгенін саусақтармен де алуға
болады), ұяшыққа басқасын салады, одан кейін оны муфтамен фиксациялайды.
Сымда қауырсынды саптаудан алып тастап, орнына баяу балқитын дәнекерді
орналастырады.
Солтүстік Америкада кең таралған кейбір арзан құрылғыларда қауырсындар
тұтқа ұшында екі бағаналардағы саңылауларға қойылады. Оларды алмастыру өте
оңай, алайда көптеген ауыстырмалы қауырсындардың нашар жұмысы бар қаржылық
табыстың құнын кетіреді. Осындай байланыстағы жаман контактте электр тогы
тек қауырсынды ғана емес, тұтқаны қыздырады, бұл кезде жұмыс интенсивті
жүргізілсе, қыздырылу да тез болады. Тек қана өз атын жазып немесе қысқа
уақыттағы сеанста, сирек күйдіруді ойластырса, осындай жүйе әбден келеді.
Әйтеуір, фиксацияланған ұштықпен күйдіруге арналған құралдар да бар. Оларға
қауырсын дәнекерленеді немесе ұстағышқа тіке тығыздалады. Ол өткен
түрлерімен салыстырғанда күшті электрикалық байланысты түзеді, сондықтан
осындай тұтқалардың сенімділігі жоғары және барлығынан аз қыздырылады.
Бірақ, бағасы басқаларынан қымбатырақ тұрады. Әр кез жаңа қауырсын немесе
оның басқа пішіні керек болған жағдайда, жаңа тұтқаны сатып алуға тура
келеді. Егер сіз пирографпен көп жұмыс жасауды жоспарласаңыз, бір сәтте
бірнеше әртүрлі қауырсынды фиксацияланған қаламсап сатып алған жөн.
Нәтижесінде ұзақ жұмыс атқарып, қажеттілігіне қарай құралдар оңай
ауыстырмалы болады.
4-сурет.Сымда қауырсыны бар пирограф: а, б –пирограф қаламсабы
(тұтқасы); в – жазатын қауырсын; г – жазық өңдеуші; д – қасықтәрізді
өңдеуші; е – қиғаш қауырсын; ж – каллиграфиялық қауырсын (ұсақ пунктирмен
бүгілу сызықтары белгіленген, үлкен пунктирмен – кесілу сызықтары немесе
қырларын ұштау).

Қалай болса да, нихромды дәнекерленген немесе бұрғыланған ұштығы бар
пирографиялық құрылғы дәнекерлеуші принципі бойынша жұмыс жасайтын құралға
қарағанда айтарлықтай аз электр энергиясын қажет етеді, ал қауырсынның
қыздырылу деңгейін арнайы бақылағыш арқылы орнатып отыруға болады.
Кейбір құрылғылар бір сәтте қосуға болатын екі тұтқаға ие болуы мүмкін.
Әдетте бір сеанс кезінде бір тұтқаны қолданады (олардың қайта қосылуы
тумблермен жүзеге асады). Ол өте ыңғайлы, сізге уақытты үнемдеуге және
қолданудан шығуын төмендетуге болады: сіз осы екі қаламсапты қауырсынды
ауыстырғыңыз келген кезде кезек-кезек қолдана аласыз.
Сымды ұштықтары бар құрылғылардың кемшіліктері де бар. Олардың басты
кемшілігі: көлемі және қауырсындардың мықтылығы сымнан жасалған калибрмен
шектелгендігі. Оның үстіне, осындай сымды ұштықтар оңай бұзылады. Бірақ
оларды ауыстыру оңай және адамның жеке істеуіне қиын емес.
Қауырсындарды дайындауда диаметрі 0,5-тен 1,5 мм-ге жететін нихромды
сым пайдаланылады. Белгілі диаметрі бар сым белгілі бір пирографиялық
жұмыстар түріне немесе қандай да болсын пішіндегі саптауларды дайындауға
өте жақсы келеді дегенге көп сөз қылуға болады, бірақ, одан да жақсысы бір
диаметрдегі сымды қолданған дұрыс – 0,7-0,8 милиметр.
Жұмыс үшін әдетте қауырсынның үш түрі қолданылады: тағатәрізді,
тұмсықтәрізді және қасықтәрізді. Бұл қауырсындармен жұмыс нақтыланып кейін
түсіндіріледі, ал қазір олардың жасалу жолдары қарастырылады. Ол шын
мәнінде өте оңай.
Тістеуікпен ұзындығы 20-30 мм болатын сымның бір бөлігін кесіп алыңыз.
Сымды бас және сұқ саусақтармен бүгіп, оған тағатәрізді пішін беріледі.
Шанышқыдағы бұрандаларды сымның ұштары оларға арналған ұяшықтарға
кіретіндей әлсірету керек. Қатты ағашпен жұмыс кезінде қауырсынға қысым
түсіру керек болады, ал сым қысқа болған сайын, ол соншалықты аз бүгіледі.
Қауырсынның оптималды ұзындығы оны шанышқы ұяшықтарына кіргізгеннен кейін
10 милиметр болады.
Бұл тағатәрізді қауырсынның базалық пішіні. Егер сіз оны қырларынан
қыссаңыз, тағаның төбесінде тұмсық түзіледі. Енді тұмсықты шеттерінен
тістеуікпен ұстап алып, оны таянышқа дейін қысыңыз және тұмсықтың төбесін
ол жұмыс жасау үшін ыңғайлы бұрыш жасағанға дейін абайлап бүіңіз (4, б-
сурет).
Жалпақ өңдеушіні тұмсықтәрізді қауырсыннан дайындау оңай. Ол үшін оның
тұмсығын қатты металдан жасалған төсте немесе қысқыштағы балғаның басында
жалпайтып тастау керек. Егер саптауда қылау пайда болса, оларды кішкентай
егеуқұм қағазбен алып тастау керек. Сымда жалпайтпас бұрын оны қызыл түске
дейін қыздыру қажет. Оны газ асты қыздырғышта жасайды немесе қуат
реттегішті максималды қыздырылуға қою арқылы пирографтың қоректену көзін
қолданады.
Жалпақ өңдеушіден міндетті емес, бірақ келесі жұмысты жеңілдендіре
алатын қосымша қауырсындардың көптеген санын жасауға болады. Ол қиғаш
қауырсын, қасықтәрізді өңдеуші мен каллиграфияға арналған қауырсын (4, д –
ж-сурет).
Қасықтәрізді өңдеушіні дайындау үшін жалпайтылған ілмекті 4, д-суретте
көрсетілгендей қауырсынның төменгі бөлігі кішкене дөңістенетіндей бүгу.
Негізін ультражұқа тері көмегімен тегістеп, қалауларыңыз бойынша
жылтыратуға болады.
Қиғаш қауырсын дайындау үшін ілмектің қырларын 4, е-суретте
көрсетілгендей тазартыңыз. Жалпақ қырының екі жағын да үшкір болу
мақсатында ұштандырып немесе кедір-бұдырын жою керек.
Осы әдіспен каллиграфиялық қауырсын жасаңыз: қасықтәрізді дайындаманы
4, ж-суретте көрсетілгендей ұштап немесе қырлаңыз. Бұрыштап бүгіп немесе
негізін ультражұқа терімен қырландырып, қалауыңыз бойынша жылтыратыңыз. Осы
ретпен кішігірім дөңгелек тістеуіштер арқылы нихромды сымнан мөрлер де
(баспа) дайындалады. Бұл жерде ұқыптылық маңызды: мөрдің барлық бүгілулері
күйдіру кезінде барлық жұмыс бөлігімен ағашқа жабысуы үшін бір жалпақ бетте
жату керек. Сымды мөрлердің үлгілері және олардың сипаттамалары төменде
Суретті дайындау техникасы деген баста түсіндірілген
1.3 Куйдіру жұмысындағы техникалық қауіпсіздік ережелері.
Қорытынды орнына:пирографиямен айналысқанда қауіпсіздік технологиясы
Қазіргі заманғы пирография – жауапкершілікпен айналысқанда, ең қауіпсіз
қызмет саласы. Пирографиялық құралдар қолдануда қауіпті ақыл-ойға сала
отырып аластатуға болады. Бірақ ағаш күйдіргенде бірнеше қауіпсіздік
шараларын ұстану керек.
Трансворматордың қорабын ашуға болмайды. Қорап ішінде тоқ өткізілген
сымдар орналасқан. Трансформаторды өз бетінше жөндеуге болмайды.
Трансформатордың арнайы вентиляторлық жерлеріне балалардың қолы жетпеуі
тиіс.
Трансформаторға жалғанған электр сымын … жалғасы