«Анам ауырып жатқанда қайын жұртымда жүрдім»: Бейбіт Сейдуалиева анасының қазасы жайлы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Әнші Бейбіт Сейдуалиева анасын сағынышпен еске ала отырып, ауыр қазасы жайлы айтты. Әншіні бала күнінен өнерге баулыған, әр жетістігіне қуанып, биікке көтерген — анасы. Бейбіт Сейдуалиева анасы екеуінің тең құрбыдай болғанын жасырмайды. 

Бұл туралы НТК Show бағдарламасында айтылды. 

Әнші Жамбыл облысында Бірлесу Аса деген елдімекенде өмірге келген. Сарысу ауданы Жаңатас қаласында 17 жыл тұрды. Бала күнінен анасының қолдауымен биге, әнге, түрлі байқауларға қатысты. 

4 жасынан бастап би билеп, ән айтты. Алайда өнер ордасы Алматы болғандықтан. Ол кездегі жетістіктерінің бәрін сызып, Алматыға келген сәттен бастап, 1998 жылы өнерге келдім деп есептейді әнші.

1Ең алғаш «Алтын дикс» деген фестивальға қатыстым. 1999 жылы «Жасқанат» байқауы, 2000 жылы «Азия дауысы» байқауына қатыстым. Өнер менің қанымда бар, Алла берген талант та бар. Анамның жете алмаған жетістігіне мен жеттім. Менің өнер әлемінде жүргенімді анам көріп, өз арманы орындалғандай қуанатын. Анам өмірден жас кетті. 54 жасында жүрегі ауырып, аяқ астынан өмірмен қоштасты.  Одан бері 11 жыл өтті. Жаңа жыл қарсаңы болатын Тоқтардың ауылына барып, ата-анасына немерелерін көрсетіп келеміз деген оймен 3-4 күнге аттандық. Анам ауырып жүрді. Бірақ күнделікті жай ауру шығар деп ойладық. Жолдарыңнан қалмаңдар деп шығарып салды. Семейге келген соң анамның ауырып жатқанын хабарлады. Қыстыгүні кері қайтып бара алмадым. Ауруханаға жатқызыпты. Бастапқыда жағдайы жақсы дегендей болған. Жаңа жыл өткен соң маған шақырту жіберді. Ата-енеме ескертіп, анама аттандық. Мен келгенде анам есін білмейді екен. Бір күн қасында болдым. Ертесі жүріп кетті», — деп еске алды әнші. 

Әнші анасын үлкен сағынышпен еске алады, іздейді. Ананың орны ерекше екенін айтады. 

«Менің анам  өте кең жүректі еді. 8 ағайынның үлкені болған соң бәріне қамқор еді. Айналасына шуақ шашып жүретін. Өмірді сүйетін. Маған ауырып жүргенін айтқан емес. Ана деген керемет адам ғой. Ешкімге айырбастауға келмейді», — дейді Сейдуалиева. 

stan.kz