Белгілі қазақстандық ақын дүниеден озды — Қазақстан жаңалықтары

0

Белгілі қазақстандық жазушы, Аманхан Әлімұлы дүниеден озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аманхан Әлім

Аманхан Әлімұлы — Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты. Ақын қазіргі Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында дүниеге келген.

Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мәскеудегі Бүкілодақтық М.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсын тәмәмдаған. Республикалық басылымдарда қызмет атқарған. 2020 жылдың ақпан айына дейін «Ақиқат» журналының бас редакторы лауазымында болған. «Кездесу» (1983), «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) жыр жинақтарының авторы. 2019 жылы Арыс қаласының «Құрметті азаматы» атағын алған.

Stan.kz редакциясы марқұмның туыстарына көңіл айтады. 

 

stan.kz