«Ағылшын тілінен үздік видео сабақ» онлайн байқауына тіркеу басталды

0

Бастауыш және орта сыныптарының ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында байқауға тіркеу басталды.

2020 жылдың шілде айының 14-30 аралығында Британдық Кеңестің ұйымдастыруымен және «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен, Маңғыстау және Атырау облыстарын ерекше назарға ала отырып, бастауыш және орта сыныптың ағылшын тілі мұғалімдері арасында «Ағылшын тілінен үздік видео сабақ» атты байқауға тіркеу басталды.

Яғни жоба бекіткен ережеге сәйкес үш географиялық категория бойынша ең үздік видео әзірлеген Атырау облысы, Маңғыстау облысы және Қазақстанның басқа да өңірлері бойынша он финалист мұғалім анықталады.

Финалға жолдама алған 30 қатысушы Ұлыбританияның онлайн сабақ әзірлеу бойынша таңдаулы сарапшы мамандарымен кеңесе отырып, 30 видео жұмыс әзірлейді. Бұл видео сабақтар Қазақстан мұғалімдеріне таратылады және онлайн оқыту платформаларында қолдану үшін Білім және ғылым министрлігіне ұсынылады.

«Бұл бастама мектеп мұғалімдерінің сапалы видео сабақтар әзірлеуі барысында педагогикалық, цифрлық және презентациялық дағдыларын дамытуға көмектеседі деп үметтінеміз. Сонымен қатар, мұғалімдер ағылшын тілін қашықтан оқыту үшін аталмыш видео сабақтарды негізгі оқулыққа қосымша материал ретінде немесе студенттердің өз бетінше оқуы үшін пайдалана алады» – дейді British Council Kazakhstan ағылшын тілі жобаларының менеджері Ардақ Бектұрова.

Тіркеу 2020 жылдың 30 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:59 аяқталады. Тіркеуге сілтеме

 

Анықтама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасын және Қазақстан мұғалімдерін қолдау мақсатында Британдық Кеңес ағылшын тілін оқыту бойынша видео сабақтар дайындау жобасын қолға алды. Мұғалімдерге арналған онлайн байқаудың негізгі мақсаты – Британдық Кеңестің онлайн ресурстарын пайдалана отырып, келесі оқу жылына арналған ағылшын тілі пәнінен сапалы әрі үздік видео сабақтар дайындау. Жоба «Теңізшевройл» компаниясынан қаржылай қолдау тапты және бұл компанияның Қазақстандағы ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру үшін қосқан үлесі болып табылады. Жоба туралы толығырақ ақпаратты мына сілтемеге өтіп қараңыз.

 

British Council (Британдық Кеңес) – Біріккен Корольдіктің халықаралық ұйымы, мәдени қарым-қатынастар және білім беру бағытында жұмыс істейді. Біз ынтымақтастықты дамыту мақсатында Ұлыбритания мен басқа да елдердің арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, достық атмосферасын қалыптастыруға мүдделіміз. Біз жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, адам өмірін жақсартуға бағытталған Ұлыбритания мен басқа да елдердің арасында сенімді қарым-қатынас құруға, өзара дамуға бастаймыз. Кеңес мәдениет және өнер, ағылшын тілі, білім беру және азаматтық қоғамды дамыту саласындағы бүкіл әлемде 100-ден астам елде жұмыс істейді. Жыл сайын 20 миллионнан астам адамды дәстүрлі және онлайн іс-шараларға тартып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 500 миллионнан астам адамды ісімізге ортақ еттік.

 

«Теңізшевройл» (қысқаша ТШО) ЖШС  – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, күкіртті барлау, игеру, өндіру және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. ТШО қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша әлемдік стандарттарға сай жұмыс жүргізеді. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы үкіметі мен «Шеврон» корпорациясы арасында құрылды. ТШО-ның қазіргі серіктестері: «Шеврон Оверсиз Компани» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛУКАРКО Б.В.» – 5%.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз