«Коронавирусы бар қытайлық бетперделердің» Қазақстанға әкелінгені рас па

0
0

Денсаулық сақтау министрлігі «Қытайдан коронавирус инфекциясы бар бетперлердің әкелінген жайлы» whatsapp мессенджерінде тараған хабарламаға пікір білдірді.

Whatsapp мессенджерінде тараған аудиохабарламада Қазақстанға Қытайдан гуманитарлық көмек келгені, олардың арасында коронавирус инфекциясы бар бетперлердің табылғаны жайлы айтылған.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақапарттың ешқандай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Министрлік Қазақстанға басқа елдерден келетін барлық дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарды белгіленген міндетті талаптарға сәйкес мұқият тексерілетінін атап өтті.

Ведомство жалған хабарламаны таратқан адамды табуы үшін бұл жайтқа қатысты ақпарат құқық қорғау органдарына бергенін жеткізді.

Сонымен қатар министрлік халықты тек ресми ақпаратқа сенуге жалған ақпарат таратқан үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылғанын еске салды.

Еске салсақ, бұған дейін желіде қызыл түсті белгісіз затты шашып жүрген ұшақтың видеосы пайда болған еді. Оқырмандар әуе кемесінің еліміздің аумағынан ұшып өткенін айтқан. Алайда билік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген болатын.

nur.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз