31 наурызда болатын шаралар

0

Sputnik Қазақстан 31 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 1 – 8 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. 19 наурыздан бастап Алматы мен астана карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

Балалар кітабы апталығы. Бұл кең ауқымды онлайн-жобаның бастамашысы – Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі, Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Sputnik Қазақстан, Ресей мемлекеттік балалар кітапханасы, сондай-ақ Ресей елшілігі және «Комсомольская правда» және «Аргументы и факты» газеттері. Іс-шара Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған, онда ресейлік және қазақстандық балалар жазушылары мен ақындары сөз сөйлейді. Олар жас оқырмандарға өз шығармашылығы туралы айтып береді, жаңа туындыларымен таныстырады. 

31 наурызға жоспарланған шаралар

08.00 – #bizbirgemiz_sport жобасы аясында таңғы жаттығу болады. Жаттығуды бокстан әлем чемпионы  Мерей Ақшалов өткізеді (тікелей трансляция мәдениет және спорт министрлігінің @mcs.govrk Instagram ресми парақшасында).

12.00 – 2011 жылы «Білім және мәдениет» телеарнасы мен Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі бірлесе түсірген қылқалам шебері Молдахмет Кенбаев туралы деректі фильм көрсетіледі» (трансляция музейдің Facebook және Instagram парақшасында).

12.00 – Наталья Сац атындағы балалар мен жастар театрының актрисасы Ирина Арнаутованың орындауындағы «Зог» ертегілері. Трансляция әр апта сайы сейсенбі және жұма күндері сағат 12.00-де  (@satstheatre_almaty).

13.00 – Амангелді Мұқан «Абай трагедиясының жазылу тарихы және сахнадағы қойылымы» тақырыбына арналған шеберлік сағатын өткізеді (#bizbirgemiz_cultur Instagram парақшасында тікелей трансляция болады).

14.00 – Қазақстанның тоғызқұмалақтан бас бапкері Серік Ақтаев «Тоғызқұмалақ» ойынының тарихына арналған онлайн-дәріс өткізеді (#bizbirgemiz_cultur Instagram парақшасында тікелей трансляция болады).

15.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіндегі озық топтамалар туралы бейнеролик трансляциясы (трансляция музейдің Facebook және Instagram парақшасында).

17.00 – Тарих ғылымдарының кандидаты Зубайда Сұрағанова онлайн-сұхбат береді (#bizbirgemiz_cultur Instagram парақшасында тікелей трансляция болады).

21.00 – Қазақстандық әртістер Марсель мен Сырымпай Еңсепов Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында онлайн концерт береді. Күнде кешке Қазақтелекомның Youtube-каналында отандық әншілердің концертін тамашалауға болады.

1 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – «Астана Опера» театрының қойылымында «Баядерка» балеті. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

3 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 –»Астана Опера» театрының қойылымындағы Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

4 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00 – «Астана Опера» театрының қойылымындағы Арам Хачатурянның «Спартак» қойылымы. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

5 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00- «Астана Опера» театрының қойылымындағы Петр Чайковскийдің “Евгений Онегин” операсы. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

8 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – «Астана Опера» театрының қойылымындағы Петр Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз