Коронавирустан қайтыс болған әйелге неге қате сынама жасалды – министр жауабы 

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Оның сөзіне қарағанда, тексерістің қорытындысы бойынша жедел жәрдемнің бас дәрігері мен басқарма басшысы тәртіптік жазаға тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирустан қайтыс болған әйелдің қате сынамасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс өткізді. Оған сәйкес, кейбір медицина қызметкерлері коронавирустың қаупін әлі толығымен бағаламай отыр.  

«Содан жедел жәрдемді бірінші рет шақырғанда науқасты ауруханаға алып кетпеді. Оған «кәдімгідей тұмау жұқтырды» деген диагноз қойылып, ем-дом тағайындалған болатын. Дәрігерлер науқасты ауруханаға жатқызбады, туған-туыстарына да коронавирустың қаупін түсіндірген жоқ. Сөйтіп, осындай жағдайға әкеліп соқтырды. Науқасты ауруханаға кеш апарды, денсаулығы күрт нашарлап, қайтыс болды», — деді Біртанов бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, тексерістің қорытындысы бойынша жедел жәрдемнің бас дәрігері мен басқарма басшысы тәртіптік жазаға тартылды.

«Бұдан бөлек, техникалық себептерге байланысты қате тест берілді. Ол күні санитарлық зертханада жұмыс өте көп болған. Соның салдарынан тесттің нәтижесі қате кетіп қалды. Өкінішке қарай, соңғы тестің қорытындысы науқас қайтыс болғаннан кейін келген. Оның көмегі болмады. Сондықтан марқұмның туған-туыстары тарапынан айтылған сын орынды болды», — деп атап көрсетті Біртанов.

Еске сала кетсек, 26 наурыз күні Қазақстанда бір адамның коронавирустан қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын.



sputniknews.kz