Қар тазалаймын деп көпқабатты үйдің төбесінен құлады — ШҚО

ШҚО-да Алтай қаласының тұрғыны қар тазалап тұрып төрт қабатты үйдің төбесінен құлап, жарақат алмады, деп хабарлайды altaynews.kz сайты.
Полицейлердің айтуынша, оқиға 21 наурызда болған, ал ер адамның құлаған видеосы жақында @osa.uka парақшасында жарияланды.
«Сағат 13 шамасында Алтай қаласында Космонавттар көшесінде 33 жастағы ер адам қар тазалау кезінде 4 қабатты үйдің төбесінен құлап түсті. Жарақат алған жоқ. Ауруханаға хабарласпады», — деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Полиция қызметкері ер адам құлағаннан кейін қайта қар тазалауға шатырға шыққанын атап өтті.