БҚО-да 38 жастағы келіншек өз танысын пышақтап өлтірді

0
57
Сурет: HOerwin56

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті 2021 жылдың 18 наурызында Ақсай қаласында 65 жастағы ер адам пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Зардап шеккен азамат Бөрілі аудандық аураханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Алайда, ол алған жарақаттары салдарынан есін жимастан қайтыс болды. Аталған қылмысқа күдікті ретінде 38 жастағы келіншек құрықталды. Оның осыған дейін істі болғаны анықталды.

«Қылмыс марқұмның үйінде орын алған. Келіншек онымен таныс болған. Олар осыған дейін бірнеше рет спирттік ішімдік ішкен. Күдікті отырыс барысында жанжал туындағанын айтып отыр. Қазір Қылмыстық істің 99- бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Себебі анықталып жатыр», — деді БҚО ПД баспасөз қызметінің өкілі Мөлдір Садырғалиева. 

Айта кетейік, осыған дейін Алматы-Өскемен тас жолында Toyota Camry көлігі жолға жүгіріп шыққан жылқымен соқтығысып қалғанын жазған едік. Салдарынан 28 жастағы қыз қайтыс болған. Ал иномарка жүргізушісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасының орнында түсірілген фотолар әлеуметтік желіде пайда болды. Суреттерде Алматы облысының мемлекеттік нөмірі бар көлікке қатты зақым келгені көрінеді. Жол апатының 19 наурыз күні Кербұлақ ауданындағы Арқарлы шатқалында болғаны айтылған.