Өскеменде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді еденге лақтырған

0
463

Өскеменде балабақшадағы балалар зорлық-зомбылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Деректерге сүйенсек, «Арман» балабақшасына барып жүрген балалардың мінез-құлқы өзгеріп, мекемеге барудан қаша бастаған. Мұны олардың ата-анасы байқаған.

Балалардың ата-аналары мектепке дейінгі мекемеде орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын көріп, өз көздеріне өздері сенбеген.

Видеода балабақша қызметкерінің бірі кішкентай баланы ұстап алып, оны еденге лақтырғанын көруге болады. Бала жылап, тәрбиешіден қашуға тырысады.

Облыс полициясы жазбаны көргеннен кейін тәрбиешінің жеке басы анықталғанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта ол жұмыстан шығарылды. Аталған факті бойынша Өскемен қаласы Ертіс ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлімінің 140-бабында көзделген «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау»қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Тиісті сараптамалар тағайындалды, – деп атап өтті ПД-де.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.