Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы баласын босанды

0
67

Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге әкелді. Шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелген Айжан Пайшанованың бұған дейін 6 ұл, 3 қызы болған деп хабарлайды Otyrar.kz. 

Дәрігерлердің сөзінше, бала мен ананың қазіргі жағдайы жақсы.

«Нұрсәттегі перзентханаға алғысым шексіз. Сіздерге, бәріңізге рақмет айтам. Барлық жағдай жасалған. Дәрігерлер балама да, өзіме де жақсы қарап жүр», – деді көпбалалы ана Айжан Пайшанова.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар Шымкентте демографиялық өсімнің жақсарып келе жатқанын айтады. Жыл басынан бері қалада 4892 сәби дүниеге келген. Жылдың алғашқы екі айында өмірге келген сәбилердің басым бөлігі ұл балалар екен.

Еске сала кетсек, бұған дейін 23 жасында алты баланың анасы атанған түркістандық келіншек жайлы жазған едік.