Мақсат Толықбай: Ринатқа бір облысты берейік. Бұл елді кім басқармай жатыр?!
Тележүргізуші Мақсат Толықбай «Қасқа жол» арнасына берген сұхбатында президент Сенат депутаты болуға шақырса, баруға дайын екенін айтты.
Осы орайда ол Ринат Зайытовтың театр директоры болып сайланғаны үшін тек қуанатынын жеткізді.
«Мен таңғаламын. Кеше ғана Ринат Зайытов кішігірім театрдың директоры болды. Соны жерден алып, жерге салды. Ринаттың директор болғанын айтамын. Не істеуі керек енді? Өмірі айтарын айтып келе жатыр ғой. Бәрін айтып болды ғой. Айтатын нәрсесін, не айту керегін сен де біліп отырсың, мен де біліп отырмын. Барсын. Халыққа жаны жақын адам болған соң.
Бір адамға болсын пайдасы тиер. Ол бармаса да, орнына Коля, Вася, Мырқымбай отырады ғой. Бір қалаға әкім болсын осындай азаматтар. Облысты бере салайық. Кім басқармай жатыр бұл елді?! Саған да жоқ, маған да жоқ. Айтары бар азаматтар көбірек барса, одан зиян келмейді. Керісінше қуану керек», — дейді ол.