Мақсат Толықбай: 100 ұлтшыл жиналса да, қолынан боқ та келмейді

0
529

Тележүргізуші Мақсат Толыбай сапалы жұмыс істеу үшін қаржы керектігін алға тартты. Осы орайда Навальныйдың жағдайына тоқталып өтті.

Бұл туралы ол «Қасқа жол» арнасына берген сұхбатында айтып өтті.

«Қазір мында 100 ұлтшыл жиналып алсыншы, қолынан боқ та келмейді. Мысалы, мен партия ашқым келді делік. Не істеймін мен? Облыстарда әр аудан бөлімшелерін ашуым керек. Анда отыршы деп саған айтуым мүмкін. Көңіліме қарап «Жарайды» дейді. Бір ай отырады, екі ай отырады. Әрі қарай ол бала-шағасын асырауы керек қой. «Ей, Мақсат, ренжіме, ақша бермейсің» дейді. Мен оның бәріне қалай ақша табамын?

Он бір мың сайлау учаскесі бар. Мен он бір мың адам жіберуім керек. Оның әрқайсысына ақша төлеуің керек. Оған үлкен капитал керек. Навальныйдың артында тұрған қаншама кәсіпкерлер бар. Шетелден келіп ұстала салған ақымақ емес қой. Ең ақшасы жоқ саясаткерден қорқу керек. Оны сатып алу оңай. Жұмыстан шығарасың, қара тізімге енгізесің, өзі-ақ тентіреп кетеді.

Біздің мына кәсіпкерлер жастар жиналып тәуелсіз ұйым құрғысы келсе, «айтары бар жастар екен» деп соған ақша салмайды. Ақша салуға қорқады. Ынта жоқ», – деді Мақсат Толықбай.