Home KzNews TV «Әйелімнен басқа меншігім жоқ»: Мақсат Толықбай әлі күнге дейін пәтерсіз жүргенін айтты

«Әйелімнен басқа меншігім жоқ»: Мақсат Толықбай әлі күнге дейін пәтерсіз жүргенін айтты

0
138
Сурет: instagram.com/maksattolykbai/?hl=ru

Тележүргізуші Мақсат Толықбай әлі күнге дейін баспанасыз жүргенін айтты. Бұл туралы ол «Қасқа жол» арнасына берген сұхбатында баяндады.

«Мен әлі күнге дейін пәтер жалдап тұрамын. Әйелімнен басқа менің ештеңем, меншігім жоқ», — дейді ол. 

Әрі қарай ол неліктен қоңырау шалғанда телефонын көтермейтінін түсіндіріп берді.

«Бірнәрсені мойындауым керек. Телефоным менің көбіне өшіп жатады. Жақындарымыз ренжіп жатады. «Өмірі сені ала алмаймыз. Неге көтермейсің?» деген сияқты. Білмеймін, осы телефонмен сөйлесу өзіме ұнамайды.

Енді журналист болған соң күнделікті соңғы ақпараттардан хабардар болып отыру керек. Сағат сайын фейсбук, сайттарды қарап отырасың. Әйтпесе, академик Асқар Жұмаділдаев сияқты мүлдем осы телефоннан бас тартар едім. Екінші бір фактор бар. Мен күнде бірнеше жерде жұмыс істегеннен кейін, түсте эфирдесің, түсірілімдерім бар. Сол уақытта өшіріп тастаймын. Одан кейін телевидение деген ауыр жұмыс істеп шаршамасаң да, жүйкеңді тоздырады.

Сценарий дайындайсың, бір адамды шақырасың қонаққа. Ол аяқ асты келмей қалады. Екінші бір адамды іздейсің, сұрақ дайындайсың. Біреу қайта-қайта қоңырау соға берсе, ол да ойыңды бөледі. Сонда көбінде өшіріп тастаймын. Бірақ байқасаңыздар мен түнгі уақытта көп отырамын. Төртке дейін ұйықтамайтын адаммын. Көбінде түнгі он екіден кейін қосамын. Сол ғана. Әйтпесе өзім қашан да онлайнмын», — дейді Мақсат Толықбай. 

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету