Димашты ернінен сүйген арудың кім екені белгілі болды (видео)

0

Димаш Құдайбергеннің жуырда шыққан бейнебаянына кімнің түскені анықталды. Ол — белгілі модель Ажар Күнболат. Әнші сұлу арумен түскен суретін жариялады.

Еске салсақ, жуырда Димаш Құдайберген ерекше бейнебаянын көпшілік назарына ұсынды. Аталған туындыда әнші мен жанындағы ару хакерлік ұйымға шабуылдайды.

Қылмыс серкелері бойжеткенді қолға түсіріп алады. Ақыр соңында Димаш клиптегі сүйіктісін құтқарады.

Сондай-ақ, ол осы уақытқа дейін инстаграм парақшасында бетперде киген арудың суретін жария еткен болатын. Сол ару Ажар Күнболат болып шықты.