Home Басты тақырып «Ресейдің «Ұлттық азат ету қозғалысының» Қазақстандағы бөлімдері жабылуы керек»

«Ресейдің «Ұлттық азат ету қозғалысының» Қазақстандағы бөлімдері жабылуы керек»

0
237
Сурет: berlek-nkp.com

«Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұл қазақ жеріндегі Ресейдің «Ұлттық азат ету қозғалысының» (НОД) бөлімдері жабылуы керектігі туралы сөз қозғады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Ресейдің «Ұлттық азат ету қозғалысының» (НОД) Қазақстандағы бөлімдері жабылуы керек. Сұрқия пиғылдағы бұл сепаратистік ұйымның Қазақстанда өз бөлімшелерін ашып жатқанына тыныш қарап отыруға болмайды. Украинаны жіліктеу осы ұйымның ішке кіріп алып жыландай шаққан арамзалығынан басталғанын ұмытпасақ керек.

Енді қазақ еліне де осы сұрқия пиғылды ұйым дәнін шашып жатыр. Үнсіз отырған биліктің жайбарақат қаракетінен қооқамын. Ондай жеті басты жыланның басын ертең емес, бүгін шабу керек қой.

Жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптамасына кім кепіл. Сондықтан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған немқұрайлы қарамайды деп сенеміз. Байыпты шешім шығарады леп үміттенеміз.

Бақыт Смағұл, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Көкшетау қаласы», — деп жазды бірлестік төрағасы.