Қуат Хамитов шенеуніктер мен олардың туыстарының шетелде емделуіне қарсы шықты

0
183
Сурет: instagram.com/kuat__khamitov/?hl=ru

Танымал спортшы Қуат Хамитов шенеуніктер мен олардың отбасы мүшелеріне шетелде емделуге тыйым салуға шақырды. Айтуынша, олар мемлекеттік клиникаларда емделген кезде ғана дұрыс шешім қабылдайды.

«Менің ойымша, біздің шенеуніктерге, депутаттарға және олардың отбасылары мен туыстарына шетелде, сондай-ақ біздің жекеменшік клиникаларда емделуге, босануға тыйым салу керек.

Олар тек мемлекеттік клиникаларда қаралуы тиіс. Мүмкін олар мәселені өз көздерімен көргенде ғана осы салада дұрыс шешім қабылдай бастайтын шығар!» – деп жазды спортшы.