Жапониядағы жасөспірімдер өлім-жітімінің 23%-ы суицидтен болған

0
49
Advertisement

10 минут бұрын
3

islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігі елдің демографиялық дерегіне талдау жүргізіп, нәтижесін жария етті. Елдегі өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы азайғанымен жастар мен жасөспірімдер арасында әлеуметтік дертке айналған бұл індет етек алып барады. Статистикалық мәлімет бойынша 10-14 жас аралығындағылар арасындағы өлім-жітімнің 23%-ы суицидтен орын алған. Ал екінші орында обыр дертінен көз жұмғандар қарасы көп – 22,7%. Жергілікті ақпарат тарататын «Майнити Симбун» мерзімді басылымы жасөспірімдер арасындағы суицидтің себептері белгісіз күйінде қалып отырғандығын жазыпты. Тіпті, туған-туыстары да себебін анықтай алмайтын көрінеді. Жапон билігі ең алдымен оның себебін анықтау үшін жатпай-тұрмай жұмыс істеп жатыр. 

islam.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз