Ресейдің қаңсығы МИ-8-ден құтылмайынша, апат әлі де бола береді – журналист

0
106

Заман талабына сай емес. Сенімсіз. Жетілдірілмеген. Солярканы да тонналап жұтады.

Журналист Айдос Жұқанұлы Қызылорда облысындағы тікұшақ апатынан қаза болған 13 азаматтың туыстарына көңіл айта отырып, Ресейлік МИ-8 тікұшақтарынан бас тарту керек, деген пікірін facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Ресейдің қаңсығы МИ-8 тікұшақтарынан құтылмайынша, апат әлі де бола береді. Заман талабына сай емес. Сенімсіз. Жетілдірілмеген. Солярканы да тонналап жұтады. Ресейдің өзінде жыл сайын бірнешеуі құлайды.

Израиль, Франциянікі анағұрлым арзан, сапалы әрі шығыны аз.

Қорғаныс министрлігі әлі де Ресейге тәуелді. Ал бізге адам қымбат. Онсыз да азбыз.

Қаза болған 13 азаматтың туыстарына көңіл айтамын», – деп жазады журналист.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz