Терроризм күдігі бойынша мешіт тексерілді

0
74

Астана. 19 желтоқсан. KAZISLAM – Мешіт имамы ДАИШ террористік ұйымы мүшесіне Сириядағы соғысқа қару-жарақ алу үшін ірі көлемде қаражат берген. Германия астанасы Берлин қаласында терроризмді қаржыландыру күдігі бойынша мешітте тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Associated Press.

Басылым мәліметінше, Веддинг ауданындағы мешіт имамы ДАИШ террористік ұйымы мүшесіне ірі көлемдегі қаражат берді деген ақпарат тараған. Неміс ақпарат құралдарында күдіктінің аты-жөні жарияланған. Ол 45 жастағы Әбул Бараа лақап атымен танылған А.Ахмед деген имам. Құқыққорғау органы өкілдері күдікті қаражатты Сирияға қару-жарақ алу үшін жихадшыға тапсырған деп жорамалдайды. Полиция мешітті тінту жұмыстарын тергеу амалдары аясында ғана жүргізгенін хабарлады.








Дереккөз: http://kazislam.kz/