Қыздың ары — ұлттың ары!

0
Баяғыда Хожай деген бай саудагер болыпты. Бұрыңғылалардың «Ер Қосайдың жолын берсін, Хожай саудагердің саудасын берсін»- дейтін батасында бар. Бұл Хожай саудагер бір күні Ер Қосайға мақтаныпты:
— Арғынның Ақсары биінің үйінде жатамын. Ардақты қызы Ботагөз сұлу некелі қатынымдай, — деп.
— Сені қойнына алмайды, — деп Ер Қосай екеуі ерегесіп бәстесіпті.
Егерде сарттың сөзі рас болса, Қосай бар жиған-тергенін сартың алдына салып береді. Қожаның сөзі жалған болса маңдайындағысын Қосайдың қолына тапсырмақшы болады. Базар тарқап, Қосай мен Хожай саудагер Арғынның Ақсары биінің ауылына келеді. Қатын-қалаш, бала-шаға бәрі үймелеп келіп жатыр. Хожай дүниені аямай шашып-төгеді. Келгендердің бірі — Ботагөз сұлу. Бәрі тарқаған кезде Ботагөз сұлуды Хожай бай жалғыз алып қалып, жалынып:
— Баяғыдан бері алдадың, енді бүгін қойныңа ал! — деп жабысыпты.
Қыз айтыпты:
— Ит ас ішетұғын итаяққа жылы су төгейін, соны іш. Мені шын жақсы көретіндігіңді дәлелдесең, білгеніңді қыл — депті.
Хожай сорлы қыздың не айтқанын орындайды. Қыз: — Тойдың ба, шөлің қанды ма? — депті. Хожай: — Дүниеде сусын іздеместей шөлім қанды, — деп жауап қатады.
— Ендеше осы тойғаның да жетер. Итаяқтан адам ішпес, ішкен сарттың астына ит те жатпас! — деп, қыз үйіне тұра жөнеліпті.

Аналарымыз ұлтты осылай сақтаған. Байлық үшін ешкімнің астына жатпаған!