Тахник жасау және баланың аузына түкіру
Халқымыздың дәстүрінде кең тараған ырым – нәрестенің, сәбидің аузына түкіру. Халқымыз ел ара-сында аты шыққан би-шешендер мен ақындарға, батырларға, аузы дуалы ақсақалдарға балаларын әкеліп, аузына түкіртетін болған. Мұндағы мақсат – сәби өскенде сол сияқты үлкен азамат болсын, солардың қасиеті жұқсын, өнегелі кісі болсын деген ниеттен туған. Тіпті мұны ел арасында мақтаныш етіп айта-тын болған. Перзентінің болашағына үлкен үмітпен қарайтын ата-анасы баласының «аузына түкірген» ада-мы туралы құлағына құйып, сол азаматтай үлгілі болу керектігін үнемі айтып отырған. Халқымыз өзінің ба-тырларын, атақты ақындарын, билерін, шешендерін өте жоғары бағалағандықтан, өз баласының да соларға ұқсағанын жақсы көрген. Сол себепті сондай адамдар-дан баласының «аузына түкіруді» сұраған.
Аты аңызға айналған, ел таныған ақындар мен ше-шендер, дуалы ауыз билер мен ақсақалдарға сәбидің аузына түкіртіп алу – ежелгі дәстүрлі ырымдардың бірі. Оның орындалуы, ишара түрінде, ауызға түкіру нышаны ғана жасалады. Аталған ырым – халық салт-дәстүрінде үлгі, тәрбие құралы ретінде жүргенін әр ата-ана есте ұстаған жөн. Сондықтан – бұл халқымыздың жақсы ниетінен туған әрі ел ішінде әлі жалғасын тауып келе жатқан игі дәстүр. Бұл дәстүрді заманымызға сай түрде жасаған дұрыс деп есептейміз.
Ал, тахник жасау сүннет амалға жатады. Тахник деп баланың таңдайына тәтті нәрсемен сүртуді айта-мыз. Яғни нәрестенің аузына шайналған құрманы са-лып, саусақпен таңдайына жағып, уқалайды. Таңдай уқалаудағы мақсат – жаңа туған нәрестенің ауыз бұлшық еттерін нығайтып, емшек емуге дайындау болса керек. Мұны көп жағдайда көпті көрген салиха-лы, ізгі адамдарға тапсырған жөн. Бұл үрдісті кезінде саңлақ сахабалар да жасаған. Айталық, қайсыбірінің үйінде дүниеге сәби келсе, дереу Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алып ба-рып, аузына құрманы шайнатып, таңдайына сүрткізетін. Имам Бұхари мен имам Мүслімнің «Сахих» (сенімді хадистер) жинақтарында мынадай дерек бар. Бірде Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) өзінің ұлы туылғанда оны Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) апарады. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оның есімін Ибраһим деп қойып, құрмамен таңдайын уқалап, бе-реке тілеп, дұға жасайды. Сонымен қатар тағы бір ха-дисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әбу Талханың ұлы туылғанда бірнеше құрманы шайнап, сосын оны нәрестенің аузына салып, таңдайын сүрткен. Сосын баласының есімін қойған.
Міне, осы секілді ізгі істер әлі де өз құндылығын жойған жоқ. Мұсылман әлемінде бұл іс жалғасын тау-ып келеді. Біздің дана бабаларымыздан қалған ауызға түкіру дәстүрінің де түп төркінінде осындай сүннет амалдың бар екендігін айтуға болады.
Тахник жасағанда баланың таңдайын құрмамен сүрту міндетті емес, құрма табылмаған жағдайда, кез келген тәтті нәрселермен істеуге болады.