Қостанайда 55 автокөліктен шырша «жасады»

0
30 Желтоқсан 2018, 11:52 133 0

Фото: скрин

Астана, BAQ.KZ. Қостанай қаласында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС қызметкерлері ерекше жаңажылдық флешмоб ұйымдастырды. Олар кәсіпорын маңайында бірнеше автокөлікпен шырша «тұрғызған». Бұл туралы top-news жергілікті сайты хабарлады.

Зауыттың ресми парақшасы хабарлағандай, шыршаны кәсіпорын аумағында жергілікті өндірістің 55 автокөлігінен жасаған. Жоғарыдан түсірілген флешмобқа дайындық процесі мен дайын шырша видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Флешмобты зауыттың жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастырған.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ