Кітап үшін әкесінің көзіндей дүниені сатып жіберген әйел…

- Жарнаманы баса кетіңіз -

18 минут бұрын
3

islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

55 жастағы түрік әйелі бір жыл ішінде 200-ден аса кітап оқып, «Ерекше оқырман» байқауының жүлдегері атанды. Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен өтетін «Кітапхана аптасы» деп аталатын шара аясында арнайы комиссия мүшелері елдегі ең көп оқитын адамды анықтаумен айналысады. Қатай тұрғыны Йашар Уаралдың мұнша көп кітап оқуына әдебиетке деген құштарлығы себеп болса керек. «Мен кітап оқудан айтып жеткізу қиын ләззат аламын. Кітап мені мүлде басқа әлемге жетелейді. Жастарға көп оқуға, өз-өзін жетілдіруге кеңес берем»,- деді ағынан ақтарылған ол. Осыдан бір жарым жылдай бұрын оның отбасы Мұғладан Қатайға қоныс аударады. Келген бетте ол алдымен жергілікті кітапханаға аттанған. Оның өмірлік серігі де зайыбының кітапқа құштарлығын бағалап, кітап сатып алуға қаржыберіп отырады. Алайда, бұл қаражат жетпей қалатын кездер жиі орын алады. Тіпті, Йашар әкесінің көзіндей болған алтын жүзікті сатып, одан түскен ақшаны түгел кітап сатып алуға жұмсайды. «Кітапханада мынадай ереже бар – бір оқырман ары кетсе 15 күнге бар-жоғы 3 кітап ала алады. Бұл маған аздық етеді, сол себепті, күйеуімді, қызымды және келінімді өз аттарынан кітап алуға жұмсаймын. Осылайша екі аптада 12 кітап оқимын. Бір айда шамамен 20 кітапты оқып тауысам. Ал бір жылда 200-ден асады»,- деді ол артынша. Әсіресе, оған Максим Горькидің «Балалық шағы» айрықша әсер еткен екен.

islam.kz

Загрузка...