Бішкекте «Путин — агрессор» деген жазуы бар плакат ұстаған белсендіні ұстады

0

Наурыздың 27-сі күні Бішкектегі Ресей елшілігі алдында Владимир Путиннің саясатына қарсылық білдірген белсенді Нұрлан Карымшаковты полиция ұстады. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, белсендінің қолында «Путин — агрессор», «Басқыншы», «Қылмыскер», «Бізге әскери базаның қажеті жоқ» деген жазуы бар плакат болған.

Полиция белсендінің үйін тінтіп, «ұлттық араздық қоздыру» (Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 313-бабы) бабы бойынша айып таққан. Құқық қорғаушылардың айтуынша, полиция бөлімшесіне оның әйелін де апарған.

Наурыздың 28-і күні таңертең Бішкекке Ресей президенті Владимир Путин келді. Қырғызстанның ресми орындары Путин сапары кезінде екі ел арасында отызға жуық құжатқа қол қою жоспарланғанын айтады. Олардың арасында Ресейдің Қырғызстандағы әскери базасы жайлы хаттама да бар.

Azattyq