Халыққа жылу сыйлаған қайырымдылық шарасы (ФОТО)

0

ҚРдағы БАӘ нің елшілігі, Қарағанды қаласының әкімдігі, ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторы», ҚМДБның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» корпоративтік қоры және «UMMET» қоғамдық қорының ұйымдастыруыменен Қарағанды облысында «Жылу сыйлау» қайырымдылық жoбасы жүзеге асты, деп хабарлайды ҚМДБ-ның осы өңірдегі баспасөз қызметі.

Қаңтар айының 1- жұлдызынан бастау алған қайырымдылық жобасы он күнге жалғасын тауып, көмекке мұқтаж 100 отбасына көмір жеткізді. Атап айтқанда Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, Шахтинск, Пришахтинск т.б аймақтарға қара алтын жеткізіліп, тұрғындардың жүрегіне қуаныш, баспанасына жылу сыйлады. 

Осындай игі істі жүзеге асырған «UMMET» Қоғамдық қорының президенті Мұхаммедəмин Шайкрамұлы Құрманəли мырзаға, Мұхаммед Ахмед Əл Жабир мырзаға ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады. 








Дереккөз: http://kazislam.kz/