Жануарлардың интелектуалдық мінез-құлқы слайд,презентация
Жануарлардың интелектуалдық мінез-құлқы слайд,презентация
Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда, әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің (алғаш рет құрттарда) пайда болуына әкеледі. Ганглиозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді.
Неғұрлым қарапайым омыртқасыздардан (құрттардан), өткен кезеңдегімен салыстырғанда, жүйке жүйесінің мүлдем жана принцип бойынша ұйымдасқанын байқауға болады. Бастың алдыңғы шетінде химиялық және тактильді рецепторлар мен барлық талшыктар жинақталған жүйке орталығы болады. Бұл аппараттар химиялық, термикалық, жарық өзгерістерін, сондай-ақ сыртқы ортадағы ылғалдылық өзгерістерін қабылдайды. Бұл сигналдар бас ганглиесында өңделеді және қозғаушы серпілістер түрінде пайда болатын мінез-құлық «бағдарламалары», әрбіреуі дененің жеке бір сегментіне сай келетін, жүйке ганглиеларының тізбегі бойымен таралады. Диффузиялы жүйке жүйесінің құрылысының принципінен өзгеше, жаңа принцип — жүйке жүйесінің орталықтануы пайда болады. Құрттың бас жағы жетекші рөлге ие болады, ал сегментарлық ганглиелар автономдығын сақтайды. Құртты екіге бөлген кезде мұны оңай байқауға болады: алдыңғы жартысы қалыптасқан қозғалысын сақтай отырып, топыраққа көміле бастайды, ал артқы жағы кескінсіз ирелендей бастайды.
Құрттардың жағдайындағы жүйке жүйесінің күрделенуі олардағы неғұрлым жетілген қалыптасудың түрлерін, жаңа өздері игерген мінез-құлық түрлерін байқауға мүмкіндік береді. Мұны белгілі американдык психолог Иеркс көрсетті. Ол құрттарды сол жақ ұшына электр тоғы берілген Тәріздес түтікшеге (қарапайым лабиринт) салады. Экспериментті бірнеше рет қайталаған соң жауын құрты электр соққысынан қашуға және оңға қозғалуға «бейім» болады (150 сынақ). Егер осы төжірибені ұзақ үзілістен кейін қайталаса, «үйрену» екі есе жылдам болады (80 сынақ). Осыдан ганглиозды жүйке жүйесіндегі мінез-құлықтың жаңа түрлерінің қалыптасуына мүмкіндік беріп қана қоймай, қалыптасқан бейімділіктерді сақтайды, басқаша айтқанда, жауын құртында естің белгілі бір түрі болады.