Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы слайд,презентация

0

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы слайд,презентация

 

Жануарлар дүниесі

 

1. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі — төлемақы) жануарлар дүниесін
арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін алынады.
2. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың
(бұдан әрі — рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.
3. Жануарлар дүниесін пайдалану түрлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде
белгіленеді.
4. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін пайдалану үшін
төлемақыны әрбір жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезінде
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
6. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік
органның аумақтық бөлімшелері өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган
белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді
тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
1. Төлемақы ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және төлемақыны төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша — АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
1. Төлемақы сомасын белгіленген ставкалар мен жануарлардың санын (су жануарларының
жекелеген түрлері үшін салмағын) негізге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейді.
1-1. Қазақстан Республикасында аң аулаған кезде шетелдіктер үшін төлемақы сомасы белгіленген
мөлшерлемелерге және 10 коэффициентіне көбейтілген жануарлар саны (су жануарларының жекелеген
түрлерi үшiн салмағы) негізге алына отырып есептеледі.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!