Жануарлардың ішек құрылысы слайд,презентация

0

Жануарлардың ішек құрылысы слайд,презентация

 

Жануарлардың ішек құрылысы

 

 

Ішек (кишечник) — ас құрамындағы қоректік заттардың қорытылу (химиялық өңдеу) және сіңірілу процестері жүретін түтікше асқорыту мүшесі.
Ішек  жануарлардың ас қорыту жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Ішектің негізгі атқаратын қызметі : асқазанға түскен тағамды асқазанның сөлімен өңдеп, оның жануар организміне сіңірілуін қамтамасыз ету.
Ішек түтікше немесе құбырлы тәрізді орган. Ол жануардың ішек қуысында орналасқан және көптеген қалың қатпарлардан тұрады. Ол асқазаннан басталып, анал тесігімен бітеді. Әрбір ішектің диаметрі әдетте әртүрлі болады. 
Ішектің берік серпімді қабырғалары бірнеше қабаттан тұрады: ішкі жағынан олар шырышты қабатпен қапталған, одан кейін сілемейлі қабат, кейін екі қабатты бұлшық ет қабаты болады және сыртқы жағынан тығыз ұйыма қабатпен қапталған.
Жіңішке ішек қабырғасының құрылысының суреті:
А – ұйыма қабат
Б – бұлшық еттің жолақты талшықты қабаты
В – бұлшық еттің көлденең талшықты қабаты
Г – сілемейлі қабаты
Д – қылшықты шырышты қабаты
Жіңішке ішек қабырғасының көлденең тілігінің суреті:
А – шырышты қабаты: 
а – эпителий, б – тілім, 
в – бұлшық ет қабаты, 
г – крипт, д – қылшықтар.
Б – сілемейлі қабат
В – бұлшық ет қабаты:
а – талшықты сақиналы бұлшық ет қабаты, 
б – талшықты жолақты бұлшық ет қабаты

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!