Жай ұялы телефон смартфон | Скачать Курстық жұмыс

0
147
Advertisement


———————————– ———————————– ———-
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
———————————– ———————————– ———-
АҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КОЛЛЕДЖІ
———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-
Курстық жұмыс
———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-
Тақырыбы: Ұялы байланыс
———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-
Мамандығы: 1307000 – Электр байланысы жүйелі құрылыстары
———————————– ———————————– ———-
мен сымдық тарату жүйелерін пайдалану
———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-
Топ: БЭМ 14-01
———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-
Орындаған Бисенбаев Ж. Қ.
———————————– ———————————– ———-
Жетекші: Куспанова А.М.
———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-

———————————– ———————————– ———-
Ақтау қаласы – 2018 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КОЛЛЕДЖІ
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
______________ Т.К. Матаев
_____ ___________ 2017 ж.

Курстық жұмыстың
ТАПСЫРМАСЫ

Студент: Бисенбаев Жанболат Құралбайұлы
Мамандығы: 1307000 – «Электр байланысы жүйелі құрылыстары мен сымдық тарату жүйелерін пайдалану»
Курстық жұмыстың жетекшісі: Куспанова Асель Мейрамқызы
Курстық жұмыстың тақырыбы: » Ұялы байланыс «

АТҚҚК бұйрығымен бекітілген
____ ____________ 2017 ж. № ________

Тапсыру мерзімі: ___________________________________ ___________________________
Жұмыстың мазмұны мен көлемі (түсіндірме, есептеу және сараптау бөлімі, теориялық және эксперименталды бөліктері немесе сұрақтардың тізбесін әзірлеу) _______________
___________________________________ ___________________________________ ___________________________ ___________________________________ ___________________
Курстық жұмыстың материалдарың орындау:
а) ___________________________________ ________________________________________
___________________________________ _______________________________________
б) ___________________________________ ________________________________________
___________________________________ _________________________________________
в) ___________________________________ ________________________________________
___________________________________ __________________________________________
г) ___________________________________ ________________________________________
___________________________________ __________________________________________
д) ___________________________________ ________________________________________
___________________________________ __________________________________________
Графикалық материалдардың тізбесі (кесте, сызулар, диаграммалар және графиктер және т.б.)
___________________________________ ___________________________________ ___________________________ ___________________________________ ___________________________ ___________________________________ ___________________________ ___________________________________ ___________________________ ___________________________________ ___________________________ ________________________________________

Консультанттың толық аты-жөні: ___________________________________ _____________
Нормоконтролердің толық аты-жөні: ___________________________________ __________
Курстық жұмыстың ұсынысы және күнтізбелік жоспардың орындалуы:


Жұмыс бөлімдерінің атаулары
пайыз
Жұмысты орындау мерзімі

жоспары бойынша
шынында

Курстық жұмыстың жетекшісі ___________________________________ ________________
(жетекшісің қолы)
Тапсырма орындауға қабылданды ___________________________________ _____________
(студенттің қолы)
Тапсырма берілді _____ _______________2017 ж.

Курстық жұмыстың мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .4
I. Технологиялық бөлім … … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … ..5
Ұялы байланыстың сипаттамалары … … … … … .. … … … … … … … … … … … … ..5
1.1. Ұялы телефонның тарихы … … … … … … … . … … … … … … … … … … … … …5
1.2.Ұялы телефонның түрлері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .6
1.3.Ұялы телофондардың артықшылығы және кемшілігі … … … … … … .. … … .7
1.4. Ұялы телефонның құпиялары … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … 8

II. Конструкторлық бөлім … … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … 11
Ұялы байланыс желілерін құру … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..11
2.1.Ұялы байланыс желілерінің элементтері … … … … … … … … … … … … … ..11
2.2. Ұялы байланыстың аналогты жүйелері NMT стандартыныңы ұялы желілері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..19

III. Есептеу бөлімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … ..2 3
Ұялы байланыс желісінде каналдардың қалыптасуын есептеу … … … … … … 23
3.1. Жиіліктік, физикалық және логикалық каналдарды есептеу … … … … … .23

IV. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері бөлімі … … … … … … … . … … ..27
4.1. Ұялы телефонмен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері … … … … … … .2 7
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … … 30

Кіріспе

Курстық жұмыс «Ұялы байланыс» тақырыбында жазылған. Курстық жұмыстың мақсаты- ұялы телефонның тарихы, оның түрлері, ұялы байланыстың артықшылығы және кемшілігі, оның құпиялары, ұялы байланыс желілерін құру принципі және ұялы байланыспен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы жазу.
Курстық жұмыс кіріспеден, технологиялық бөлімнен, конструкторлық бөлімнен, есептеу бөліінен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері бөлімінен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, яғни, технологиялық бөлімде ұялы телефонның тарихы, ұялы телефонның түрлері, ұялы телофондардың артықшылығы және кемшілігі, ұялы телефонның құпиялары туралы жазылған.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде, яғни, конструкторлық бөлімде ұялы байланыс желілерін құру, ұялы байланыс желілерінің элементтері,
ұялы байланыстың аналогты жүйелері NMT стандартыныңы ұялы желілері туралы толықтай жазылған.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде, яғни, есептеу бөлімінде ұялы байланыс желісінде каналдардың қалыптасуын есептеу, жиіліктік, физикалық және логикалық каналдарды есептеулері жазылған.
Курстық жұмыстың төртінші бөлімінде, яғни, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері бөлімінде ұялы телефонмен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы жазылған.
Курстық жұмысты жазу кезінде қолданған әдебиеттер пайдаланылған әдебиеттер тізімінде көрсетілген.

-4-
I. Технологиялық бөлім
Ұялы байланыстың сипаттамалары
1.1. Ұялы телефонның тарихы

Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, қоңырау деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды(1-сурет). Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр

1-сурет. Алғашқы ұялы телефондар

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
-5-
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.
Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.

1.2. Ұялы телефонның түрлері

Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:
1) Жай ұялы телефонсмартфон
2) Ұялы бейнетелефон
Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т.б.
Жай ұялы телефонда қоңырау шалуқабылдау, SMS, соңғы кездері фотобейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады.
Смартфон (ағылш. smart — білімді, ақылыды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді (2- сурет). Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.

2-сурет. Смартфон

Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады (3-сурет).

-6-

3-cурет. Ұялы бейнетелефон

1.3. Ұялы телофондардың артықшылығы және кемшілігі

Ұялы телофондардың артықшылығы:
Әр адам және кез келген уақытында пайдалана алады. Яғни, әр түрлі жағдайда адаммен хабарласа алады. Екіншіден, ол өте кішігірім болып келгендіктен, күнделікті өмір де өзінізбен ұстай аласыз.
Ұялы телофондардың кемшілігі:
Ең бастысы адам денсаулығына зиян болып келеді де, көптеген аурулар пайда болады.Осымен қатар, сіз ұялы телофондарға тәуелдісіз.
Ұялы телефонның пайда болуы адамзаттың соңғы жарты ғасырда жеткен керемет жетістіктерінің бірі. Басқа ешбір өнертабыс біздің тұрмысымызға дәл бұлай қатты әсер ете алмайды және бұдан жылдам тарамайды. Бүгін біз сіздерге инженерлердің жасап берген осы бір ғажайып өнертабысына байланысты қызықты деректерді әңгімелейміз.
1) Смартфон термині тұңғыш рет Ericsson компаниясының 2000 жылы Ericsson R380s жаңа телефонын жарнамалау кезінде шыққан. Құрылғы Symbian OS v5.1 басқаруында жұмыс істеді және ашып-жабылатын қақпағы бар монохром сенсор экраны болған.
2) Қазіргі заманның қайсыбір смартфонның, оның ішінде сіздің смартфоныңыздың мүмкіндігі NASA-ның Аполлон бағдарламасының аясында адамды Ай бетіне қондыруға қатысты есептеулері мен басқаруына қажетті мүмкіндігі бар барлық компьютердің қуатынан асып түседі.
3) Жапонияда телефондардың 90 пайызы су өтпейтін корпусымен шығады, себебі жапон жастары жуыну бөлмесіне кірерде де ұялы телефонын тастамайды.
4) Ұялы телефонды жоғалтып аламын деп немесе байланыстан үзілемін деп қорқу номофобия деп аталады. Бұл термин 2010 жылы қолданушылардың ұялы байланысқа деген әдеттеріне арналған зерттеуде пайда болды.

-7-
Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы ұялы телефонын жоғалтса, қуаты біте бастаса немесе баланста қаражат жоқ болса, тіпті болмаса байланысқа шықпай тұрса уайымдайтынын мойындаған.
5) Әлемде ең табысты телефон Nokia 1101. 2003 жылы шыққан сәттен бастап 250 миллион құрылғы сатылды, бұл ұялы телефондар ішінде ғана емес, жалпы электронды гаджеттер арасында да рекорд саналады. Қазіргі таңда бұл модель өндірілмейді.
6) 2013 жылы БҰҰ-ның жарияланған баяндамасына сәйкес, ұялы телефонды қолданушылардың саны дәретханасы бар адамдарға қарағанда көбірек екен. Жеті миллиард адамның алты миллиарды ұялы телефон ұстайды, тек 4,5 миллиард адам ғана санитарлық-гигиеналық жағдайда өмір сүреді.
7) Ұялы телефонды лақтыру – Финляндия, Бельгия және тағы кейбір елдерде кең таралған спорт түрі саналады. 2014 жылы өткізілген кезекті әлем чемпионатында осы спорт түрінен әлем рекорды жаңартылды – 110,42 метр.

1.4. Ұялы телефонның құпиялары

Ұялы телефон біз білгендей қарапайым дүние емес болып шықты.Өзіміз ұстап жүрген ұялы телефонымызды бүге шегесіне дейін білеміз десек,қателесеміз.Себебі олардың біз білмейтін ішкі құпиялары баршылық.Бүгін мен сіздерге ұялы телефонының сіз білмейтін құпиялары туралы кеңес жазамын.

Ұялы телефонның құпиялары
1) 112 нөмірін терсеңіз,ол дүние жүзі бойынша тарайды.Бұл шұғыл жағдайда көмекке шақыру нөмірі.Ол нөмір сіз байланыс аясынан тыс жерде болсаңыз да телефоныңыз жабық режимде тұрса да істей береді.Телефоныңыздан 112 нөмірін теріп,байланысқан жағдайда тиісті орган сіздің тұрған жеріңізді сол мезетте ақ анықтап шұғыл шара көрсетеді.
2)Кілтіңізді автакөліктің ішінде ұмытып есігі жабылып қалды делік.Егер үйіңізде қосымша кілт болса барып әуре болмайсыз.Үйіңіздегі адамға телефон соғасыз.Ол кілтті қолына алады да телефонның жаңында ұстап басқышын басады.Сол кезде сіздің көлігіңіздің есігі ашылады.Ара қашықтығы қандай болса да бәрібір.Мың шақырым жерде болса да осылай ашып аласыз,тек телефон қоңырауы жетсе блғаны.
3)Телефонның ішінде сақтаулы тұратын қосымша қуаты болады.Мысалы сіз қоңырау күтіп тұрсыз.Ал телефонның заряды өшіп қалған.Ондайда телефонның резервтік акумляторын қосуға болады.
-8-
Ол үшін *3370# белгілерін теру керек.Сол сәтте телефоныңызда сақтаулы қосымша қуат іске қосылып елу пайыздық заряд береді.Сіз қалауыңызша пайдалана бересіз.Ал кейін сіз телефоныңызды қуаттағанда резервтік аккумлятор қайта қуаттанады.
4) Телефоныңызды ұрлап кеткен жағдайда оны қалай жабық режимге қояды?
Телефоныңыз жаныңыз да жүргенде оның сериялық нөмірін білу үшін( жұлдызша торша 06 торша)белгілерін тересіз.Экраныңызға 15 саннан тұратын код шығады.Әр телефонның осы сияқты жеке коды болады.Соны көшіріп алып сақтап қойыңыз.Егер телефон ұрланған жағдайда әлгі кодты операторға хабарлаңыз.Оператор сіздің қолды болғаныңызды жабық режимге салып қояды.Содан кейін оның СИМ картасын ауыстырған күнде де пайдалану мүмкін болмайды.Әрине телефоныңызды қайтара алмайсыз бірақ оны алған адамда пайдаға асыра алмайтынына шүкіршілік етесіз.
Егер жұрттың барлығы осылай жасаса онда ұялы телефондар ұрлығы өз өзінен тыйылған болар еді.Әттең…
Ұялы телефонның зияны Біздің асыққан заманда ұялы телефон – уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші. Алайда, оның зияны жоқ емес. Бір-бірімізбен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазамыз. Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде «отырамыз». Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймыз. Осыншама функционалды дүние қалайша зиян бола алады? Асықпаңыз… Біз сізге ұялы телефоныңызды қауіпті деп санауға 3 себеп айта аламыз. «Канцерогенді болуы мүмкін» – Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал «мүмкін» сөзі қорқуға себеп береді. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас. Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады. Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз. Заманауи адамға телефоның өте қауіпті десе де, онсыз өмір сүруге келіспес еді.

-9-

Ұялы телефонды тастауға асықпай, кейбір шараларды қолға алсаңыз, оның жаман әсерінен кішкене болса да, сақтана аласыз. Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз. Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз. Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз. Желі «ұстамайтын» жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады. Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды бергеннің алдында, оны «автономиялық» режимге қойыңыз.

-10-
II. Конструкторлық бөлім
Ұялы байланыс желілерін құру
2.1. Ұялы байланыс желілерінің элементтері
Функционалды сұлбасы
Ұялы байланыс жүйесі қызмет ететін аймақты жабатын ұяшықтар көріні-сінде жасалады. Әдетте ұяшықтар дұрыс алтыбұрыш көрінісінде бейнеленеді. Әр ұяшық ортасында өзінің аймағында көшпелі станцияларға (подвижные станции ПС) қызмет ететін негізгі станция (базовая станция БС) жайласады. Абонент бір ұяшықтан екіншісіне көшкенде қызмет ету бір негізгі станциясынан екіншісіне көшеді.
Барлық негізгі станциялар (БС) ажыратылған сымдар немесе радиорелейлік байланыс каналдарымен коммутациялау орталығымен (КО – центр коммутации – ЦК) қосылған. КО-дан телефондық жалпы пайдалану станциясына шығыс бар. 4-суретте жүйенің жоғарыда баяндалған құрылымға сай жеңілдетілген функцио-налдық схемасы келтірілген.

4- сурет. Көшпелі байланыстың ұялық желісінің құрылымы
Ұялы байланыс жүйесі бір коммутациялау орталығынан тыс тағыда КО-ға ие болуы мүмкін. Бұл желінің даму эволюциясына немесе коммутациялау сыйым-дылығының шектелуімен байланыс. Мысалы бірнеше КО-ға ие жүйе құрылымы болуы мүмкін (5-сурет). Біреуі шартты басты, шлюздық немесе транзиттық деп аталады.

-11-

5- сурет. Екі коммутациялау орталығына ие ұялы байланыс желісі
Ең қарапайым жағдайда жүйе бір КО-ға ие болып онда үй регистры болады да ол басқа жүйелер қызмет ететін аймақтармен шекараласпайтын шағын жабық аймаққа қызмет етеді. Егер жүйе үлкен аймаққа қызмет көрсетсе ол екі және одан көп КО-ға ие бола алады, солардың бастысында үй регістры болады, ал қызмет көрсететін аймақ басқа жүйелермен қызмет көрсететін аймақтармен шекаралас-пайды. Екі жағдайда да абоненттердің ұяшықтар арасында көшуі қызмет етуді көшіреді, ал басқа жүйе аймағына өту – роумингке алып келеді. Егер жүйе басқа ұялы байланыс жүйесімен шекаралас болса онда абоненттің бір жүйеден басқа-сына көшуі қызмет көрсетудің жүйе арасында өзгеруіне алып келеді.
Көшпелі станса
Цифрлық көшпелі станцияның (КС – подвижная станция – ПС) блок-схемасы 6-суретте келтірілген. Оның құрамына: басқару блогы, қабылдау-тарату блогы, антеналық блок енеді.
Басқару блогы микротелеондық түтқыш (микрофон және динамик), қлавиатураға және дисплейге ие. Клавиатура шақырылатын абоненттің телефон номерін және КС жұмыс режимын анықтайтын командаларды теруге арналған. Дисплей құрылғы көрсететін түрлі информацияны және станцияның жұмыс орындауына байланысты бейнелерді көрсетуге арналған.
Қабылдау-тарату блогы таратушы, қабылдағыш, жиіліктерді синтездеу және логикалық блоктарға ие.
Таратқыш құрамына мыналар кіреді: АСТ (АЦП) – сигналды микрофон шығысынан сандық түрге түрлендіреді және барлық кейінгі өңдеу мен сөз сигналдарын тарату сандық түрге түрленеді; сөз кодері – сөз сигналын кодтауды жүзеге асырады, яғни сандық формаға ие сигналды оның артықшылығын қысқарту мақсаттағы нақты заңдармен түрлендіру;

-12-
канал кодері – сөз кодерінің шығысынан алынатын сигналды байланыс линиясы бойымен тарату кезіндегі қателерден қорғауға арналған қосымша (артық) ақпаратты сандық формаға қосады; дәл сол мақсатпен ақпарат белгілі қайта орауға (жинауға) ұшырайды; сонымен қатар канал кодері таратылатын сигнал құрамына логикалық блоктан келіп түсетін басқару ақпаратын енгізеді; модулятор – кодерленген бейнесигнал ақпаратының тасымалдаушы жиілікке орын ауыстыруын жүзеге асырады.

6-сурет. Жылжымалы станцияның блок-схемасы
Қабылдағыш құрамы жағынан таратқышпен бірдей, бірақ оның блоктарына енетін функциялар кері; демодулятор – модульденген сигналдан ақпарат тасушы кодталған бейнесигналды бөліп алады; канал декодері – кіріс ағыннан басқарушы ақпаратты бөліп алады және оны логикалық блокқа бағыттайды; қабылданған ақпарат қателердің бар-жоқтығына тексеріледі, және табылған қателер түзетіледі; келесі өңдеуге дейін қабылданған ақпаратт кері қайта орауға (кодерге қатысты) ұшырайды; сөз декодері – оған канал кодерінен келіп түсетін сөз сигналын өзіне тән артықшылығымен, бірақ сандық түрде табиғи формасына қайта қалпына келтіреді; САТ – қабылданған сандық сөз сигналын аналогты формаға түрлендіреді және оны динамика кірісіне жібереді; эквалайзер – көпсәулелі кеңістік таралу салдарынан сигнал ауытқуларының бөлшектік компенсациялануы үшін қызмет атқарады; шын мәнінде ол жіберілетін сигнал құрамына кіретін символдардың үйретілетін тізбегіне бапталған адаптивті фильтр болып табылады; эквалайзер блогі функцияналды қажетті болып табылмайды және кейбір жағдайларда болмауы да мүмкін.

-13-
Логикалық блок – бұл жылжымалы байланыс (ЖБ) жұмысын басқаруды жүзеге асыратын микрокомпьютер. Синтезатор ақпаратты радиоканал бойымен тарату үшін арналған тасымалдаушы жиілік тербелісінің көзі болып табылады. Гетеродин мен жиілік түрлендіргішінің болуы тарату және қабылдау үшін түрлі спектр участогының (жиілік бойынша дуплексті бөлу) қолданылатындығымен келісілген.
Антенналық блок антенна (қарапайым жағдайда төрттолқынды найза ) мен қабылдаутарату коммутаторынан тұрады. Сандық станция үшін соңғысы – антеннаны не таратқыш шығысына қосатын, не қабылдағыш кірісіне қосатын электрондық коммутатор болуы мүмкін, себебі сандық жүйенің ЖБ-сы ешқашан да бірмезгілде қабылдау мен таратуға жұмыс жасамайды.
Жылжымалы станцияның блок-схемасы оңайлатылған болып табылады. Бірақ онда күшейткіштер, селектрлейтін тізбектер, синхрожиілік сигналдарының генераторлары және олардың ажырату тізбектері, қуаттың тарату мен қабылдауға басқару схемалары, белгілі жиілік каналында жұмыс жасауға арналған генератор жиілігін басқару схемасы және т.б. көрсетілмеген. Кейбір жүйелерде ақпарат тарату конфиденциялдығын қамтамасыз ету үшін шифрлеу режимін қолдану мүмкін; бұл жағдайда ЖБ-тың таратқышы мен қабылдағышы мәліметтер шифраторы мен дешифратор блоктарын қамтиды. ЖБ жүйесінде GSM жүйелерінде абонент идентификациясының арнайы модулі (Subscriber Identy Module – SIM) қарастырылған. GSM жүйесінің жылжымалы станциясы сөз белсенділігінің детекторын (Voice Actuvuty Detector) қамтиды. Ол қорек көзі энергиясын (сәлеленудің орта қуатының төмендеуі) экономды жұмсау , сонымен бірге жұмыс жасайтын таратқыш кезінде басқа да станциялар үшін пайда болатын кедергі деңгейлерін төмендету мақсатымен абонент сөйлеген кездегі уақыт интервалында ғана таратқыштың сәулеленуге жұмысын қамтиды. Таратқыш жұмысындағы үзіліс уақытында қабылдағыш жолға қосымша жабдықталған шу енгізіледі. Қажетті жағдайларда ЖБ-қа жеке терминалдық құрылғылар кіруі мүм-кін, мысалы факсимильді аппарат, соның ішінде сәйкес интерфейстерді қолда-натын арнайы адаптерлер арқылы қосылатындары.
Аналогты ЖБ блок-схемасы АСТСАТ мен кодек блоктарының болмауы себепті сандыққа қарағанда қарапайымырақ, бірақ анағұрлым үлкен дуплексті-антенналық қайтақосқыш есебінен күрделірек, өйткені аналогты станцияға бір мезгілде тарату мен қабылдауға жұмыс жасауға тура келеді.

Базалық (негізгі) станция
БС блок-схемасы 7-суретте келтірілген. БС ерекшелігі тіркелген қабыл-дауды қолдану болып табылады, сондықтан да станция екі қабылдағыш антеннаға ие болу керек.сонымен қатар, БС таратуға және қабылдауға бөлек анттеналарды қамтуы мүмкін.

-14-
Келесі ерекшілігі – бірнеше қабылдағыштардың және түрлі жиіліктермен бірнеше каналдарда бір мезгілде жұмыс жүргізуге мүкіндік беретін соншама таратқыштардың болуы.
Біратаулы қабылдағыштар мен таратқыштар бір каналдан басқасына өтуі кезіндег олардың қайта құрылысын қамтамасыз ететін жалпы тірек генераторрларын … жалғасы

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз