Виталий Старков | өмірбаяны

0

Виталий Старков 1935 жылы 8 қаңтарда Семей қаласында туған. 

Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының сценарийлық факультетінде оқыған. Еңбек жолын Семей облысы, Мақаншы ауданында мәдениет бөлімінің жетекшісі болудан бастаған. Кейін «Қазақфильм» студиясында аға редактор, 1978 жылдан бері «Простор» журналында бөлім меңгерушісі болып істеген.

Көбінесе балалар мен жасөспірімдерге арнап жазады. Оның сценарийі бойынша 1959 жылы «Қазақфильм» студиясы «Бұл біздің баламыз» атты көркем фильм түсірген.

Шығармалары: Ертіс күнбағыстары. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1971; Абитуриенттер. Повесть. А., «Жазушы», 1974; Саған не болған, балақай?. Повесть. А., «Жазушы», 1979; Ұзақ жаңғырық. Повесть, әңгімелер. А., «Жазушы», 1982.