“Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі”

0
376
1 бет

Қош Келдіңіздер!

2 бет

Топқа бөліну:

3 бет

Тірі ағзалар
Эукариоттар
Прокариоттар
Анциттер

4 бет

Сабақтың тақырыбы: “Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі”

5 бет

Сабақтың мақсаты: Вирустардың ашылу тарихы мен құрылысын, жұқпалы аурулар түрлерін оқып, меңгеру.

6 бет

Мағынаны тану:
Түрлі түсті конверттегі тапсырмалар.
Қызыл түсті конверт: Вирустың ашылу тарихы.Жасыл түсті конверт: Вирустардың типтері. Сары түсті конверт: Вирустардың құрылысы.

7 бет

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д.И.Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол ХІХ ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д.И.Ивановский ауруға шалдыққан жапырақтарды жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У.Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты.

8 бет

ХІХ ғасырдың соңында Д.И.Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді. Вирус (латынша «virus» – у) – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – капсидтерден тұрады. У.Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді

9 бет

Иммунитет
– Вирустарға антибиотик дәрілері көбіне әсер етпейді. Көбіне ағзаның иммунитет жүйесі ғана ауру туғызатын вирустардың шамадан тыс көбейіп кетуін тежейді.- ИММУНИТЕТ- ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті. Ағзаның өз тұтастығын және биологиялық даралығын қорғайтын жасуша иммундық жасуша деп аталады. Ауру тудыратын ұсақ ағзаларды қармап, тіршілігін жою арқылы иммундық жасуша ағзаны қауіпті жұқпадан сақтандырады.

10 бет

Вакцина
Вакцина (лат. vacca — сиыр, vaccіnus — сиырдікі) — микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған. 1796 жылы ағылшын дәрігері Э.Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.

11 бет

Сабақты бекіту:
Тест тапсырмалары
1. Олар жасушасыз тіршілік құрылымы болып табылады.а) бактериялар ә) вирустар б) саңырауқұлақтар2. ЖИТС (СПИД) ауруының қоздырғышы:а) бактерия ә) вирус б) спора3. Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті:а) бактериофаг ә) иммунитет б) індет4. Тұмау, сары ауру, шешек,қызылша ауруларының қоздырғышы:а) бактерия ә) вирус б) бактериофаг5. Бактерия жасушасына енген вирус:а) бактериофаг ә) спора б) бактерия6. Сыртында нәруызды қабығы бар заттардан және екі түрлі нуклеин қышқылынан құралған:а) бактерия ә) цианобактерия б) вирус7. Вирустың генетикалық материалы қандай химиялық затқа негізделген:а) көмірсуға ә) ақуызға б) нуклеин қышқылына

12 бет

8. Микроорганизмдерді және актиномицеттерді зақымдап, ерітіп жіберетін вирустар тобы:а) бактериофагтар ә) бактериялар б) энтеро вирустар9. Бактериофагтың көбею стадиясының ұзақтығы:а) 20-30 минут ә) 30-90 минут б) 60-90 минут10. Жасушасыз ағзалардың денесі тұрады:а) ядродан ә) ақуыз қабықшасымен оралған нуклеин қышқылынанб) рибосомадан11. Бактериофаг- бұл:а) бактериялар мен вирустардың симбиозы ә) бактерияны зақымдайтын вирус б) бактерия жасушасының бөлігі12. Вирус туғызатын ауруларды көрсетіңіз:а) іш сүзегі, сал ауруы, қызылша ә) оба, сары ауру, іш сүзегіб) сал ауруы, шешек, тұмау13.Өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігін дәлелдеген кім?а) Д.И.Ивановский ә) Ф.Туорт б)У.Стенли 14. Латынша «у» деген мағына береді?а)бактерия ә)вирус б)гармогония

13 бет

Жауаптары
1 ә) 8 а)2 ә) 9 ә)3 ә) 10 ә)4 ә) 11 ә)5 а) 12 б)6 б) 13 а)7 б) 14 ә)

14 бет

Бағалау:

20-18 ұпай – 5; 17-12 ұпай – 4; 11-5ұпай – 3;

15 бет

Үйге тапсырма:

Кері байланыс парағы: