Назарбаев: Мәселені қолға алсаңдар шеше алады екенсіңдер ғой — новости Казахстана

0

Үкіметтің кеңейтілген отырысында вице-премьер министр Ерболат Досаев «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2018 жылы 11 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді. Мемлекеттік бағдарламаға 616 мың адам қатысып, 488 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған деп жазады NUR.KZ.

akorda.kz

Фото:akorda.kz

Вице-премьердің сөзінше, 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап электронды еңбек биржасы іске қосылды. Оған еліміздің 200 мемлекеттік және 51 жекеменшік жұмыспен қамту орталықтары енген.

Осы орайда, халықты жұмыспен қамту процесінің ұзақтығы екі есе азайтылған. Бұрын бір ай уақыт қажет болса, қазір екі аптада шешіледі. Биржа қызметін 95 мың жұмыс беруші пайдаланып, 550 мыңнан астап адам жұмысқа орналасқан.

«Өткен жылы 2,7 млн өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат болса, бұл көрсеткіш 1 млн 800 мың адамға төмендеді. Қалған 900 мың адаммен жұмыс жалғасады және ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады», — деді Ерболат Досаев.

Осы жерде Елбасы Досаевтың сөзін бөліп, өзін-өзі қамтыған жандардың мәселесі шешіліп жатқанына оң баға беріп, осы қарқында жалғастыруды тапсырды.

«Көрдің бе, бұл мәселені шешуге болады екен ғой. Қаншама жылдан бері «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп мәселе көтеріп жүрдіңдер. Қолға алып едіңдер, мәселе шешіле бастады. Жалғастырыңдар», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: kaz.nur.kz