Ұстаз-ұлы есім

0
201







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ұстаз-ұлы есім

Автор: Нарымбаева Мереке Жәнібекқызы

Бағыты: Басқа Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-01-21


Материал туралы қысқаша түсінік

сыныптан тыс жұмыс




Сценарий тақырыбы: «Ұстаз атыбиік, әрі мәңгілік» атты мерекелік жиын Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар. І жүргізуші:Көпке үлгі өздеріңіз салған даралық Бір сіздерден табылады даналық Ортамызда аманесен жүріңіздер Ұрпақтарға тәлім беріп, дара нық. Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,Өздеріңнен бастау алар бар арман.ІІ жүргізушіҰстаз деген ұлы сөз ұлағатты,Ол болмаса, кім береді парасатты.Асылын беріп шәкірт бойларына,Ағартқан сол үшін де қара шашты,: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы. Өмірді алға қарай өрлететін, Сендерде Ұлы Отанның болашағы – І жүргізуші: Ұстаз … Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың . «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. І жүргізуші: Иә, Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор. І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз. І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз атыбиік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы Казиева Флюра апайга сөз кезегін береміз Өнерпаздар жарысып сансаналы                        Жиын десе, той десе жан салады.                       Ұстаздардың мерекесі құрметіне                       Әуелеген әсем ән де жолданады. І-жүргКөпке үлгі өздеріңіз салған даралық Бір сіздерден табылады даналық Ортамызда аманесен жүріңіздер Ұрпақтарға тәлім беріп, дара нық.

І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады. І жүргізушіҰстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып, Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиетіне бас иейік мәңгілік!. І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» – деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды. ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде? І жүргізуші: Себебі ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді. ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек. І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың – деп оқушысы І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім, Төгілген арай, шуағым Арманым қонса, қолыма, Арқаң деп сенің ұғамын. ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгі тойыңда, Арнайды саған бұл әнін. І жүргізуші: ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз. ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, . Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зорІ жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған Шаршаса да осы жолдың бойында, Қандай жақсы шын бақытын тапса адам –ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам, Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам. Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек, Тамырлары сан тарапқа тараған. І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын, Дендеріңнің саулығы мықты болсын. Білімімен суарған шәкірттерін, Төл мерекең ұстаздар құтты болсын! ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз. І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

Қ.Жазықов атындағы орта мектеп

Тақырыбы: «Ұстаз –мектеп жүрегі»(Ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты мерекелік шара)

2017-2018 оқу жылы







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.