Функция деген не, функцияның анықталу облысы

0
688

Функция дегеніміз бір айнымалыға басқа бір айнымалының бір мәнің сәйкес қоятын тәуелділік, заң. Мысалы y = x + 1 функциясы әрбір x-ке y-тің x+1 мәнің сәйкес қояды.


x = 0 болса, y = x+1 = 0+1 = 1,


x = 1 болса, y = x+1 = 1+1 = 2 тағы сол сияқты.


Осы функцияның графигі:


функция деген не


Функция бір x айнымалысына белгілі бір заң не ереже бойынша тек қана бір y санын сәйкес қояды, бұны былай жазады:


y = f(x), f осы заңдылықтың белгісі.


Функцияның анықталу облысы


Кейбір функциялардың айнымалысы тек белгілі бір мәндерге ғана ие бола алады. Мысалы y = 1/x функциясының x айнымалысы нөлге ғана тең бола алмайды. Өйткені бірді нөлге бөлуге болмайды.


Соңдықтан y = 1/x функциясы сандық түзудегі нөлден басқа барлық нүктелерде аңықталған.


y = f(x) функциясының мағынасы бар x-тердің жиыны функцияның аңықталу облысы деп аталады.


Мысалы y=1/x функцияның аңықталу облысы нөлден басқа барлық сандар жиыны.


Ал y = x+1 функцияның аңықталу облысы бүткіл сандық өсі болады.


Жаттығы ретінде y = 1/x – 1 функцияның аңықталу облысын аңықтаныз.

Пән: Математика